Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға ұшып келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға ұшып келді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәлидің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. 

"Сапар аясында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен жеке және кеңейтілген құрамда кездесулер өткізіп, бірқатар екі жақты құжаттара қойылмақ. Сондай ақ, БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізу жоспарланған. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады", - деп жазды Берік Уәли

Қазақстан Президентінің борты Ташкент уақытымен 17.45-те Ислам Каримов атындағы халықаралық әуежайға қонды. Қасым-Жомарт Тоқаевты Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов, сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов пен Ташкент мэрі Джахонгир Артыкходжаевтар қарсы алды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети