Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде өткен әлем біріншілігі жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ол Twitter желісіндегі парақшасында өз ойын бөлісті.
Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде өткен әлем біріншілігі жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ол Twitter желісіндегі парақшасында өз ойын бөлісті.
Тоқаевтың ойынша, Ресейде өткен әлем біріншілігі тарихтағы ең үздік чемпионаттың бірі болған.
"Футболдан Ресейде өткен әлем біріншілігі ұйымдастыру жағынан тарихтағы ең үздіктердің бірі болды. РФ әлемге футбол державасы ретінде және қонақжайлылығы мен спорттық инфрақұрылымы дамыған мемлекет ретінде танылды. Ресей басшылығын, ұйымдастыру комитетін, ФИФА ұйымын құттықтаймын", - деп жазды Тоқаев.
Чемпионат мира по футболу в России с точки организации стал одним из лучших в истории этого популярного спорта. РФ стала известна всему миру как футбольная держава, гостеприимная страна с развитой спортивной инфраструктурой. Поздравления российскому руководству, оргкомитету, ФИФА
— Kassym-JomartTokayev (@TokayevKZ) 15 июля 2018 г.
Сондай-ақ, ол Франция құрамасының ойыны жайлы да айта кетті. "Тамаша жеңістеріңізбен құттықтаймын", - деп жазды Тоқаев француз тілінде.
Félicitations à la France pour une grande victoire !
— Kassym-JomartTokayev (@TokayevKZ) 15 июля 2018 г.
Әлем біріншілігінің финалы Мәскеудің "Лужники" стадионында өтті. Франция Хорватия құрамасын 4:2 есебімен жеңді.