Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жол құрылысына қатысты барлық жобаның Бүкіләлемдік және Ислам банкімен келісімге келу аясында мерзімінде орындалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жол құрылысына қатысты барлық жобаның Бүкіләлемдік және Ислам банкімен келісімге келу аясында мерзімінде орындалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осыған дейін үкімет отырысы барысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев министрлерді құрылыс жобалары бойынша келіссөздерді ұзақ жүргізетіндері үшін сынға алған болатын.
"Жеңіс Махмұдұлы, мұнда Бүкіләлемдік банктен қарыз алу туралы келісімді әлі мемлекеттік органдардың қабылдауы қажеттігі туралы жазылған. Ислам банкімен де дәл сол жағдай. Қанша уақыт келісімге келуге болады? Мұнда 42 миллиард теңгенің игерілмей қалу қаупі төніп тұр. Ислам банкінен, Бүкіләлемдік банктен алынатын қарыздар. Әлі күнге дейін мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Келіссөздер аяқталғанда, қыс та келіп қалады", - деген еді Сағынтаев.
"Отырыс кезінде бірнеше жоба жайлы айтылды. Олардың барлығы осы жылдың екінші жарты жылдығында қабылданады. Олар Отар-Ұзынағаш, Балқаш -Бурылбайтал - осы жолдар бойынша Бүкіләлемдік банкпен жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ, Қазақстанның батысында екі жоба бар: Ақтөбе-Қандыағаш пен Атырау-Астрахан жолдары. Осы екі жоба бойынша Ислам банкімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. (...), - деді Жеңіс Қасымбек.
Еске сала кетейік, осыған дейін премьер-министр Бақытжан Сағынтаев министрлерге халық пен Президенттің алдындағы жауапкершілікті еске салған болатын.