06 мамыр 2017 14:48

Қасымов ІІО үздік қызметкерлерін марапаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ІІМ баспасөз қызметі © ҚР ІІМ баспасөз қызметі

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ішкі істер органдарының үздік қызметкерлерін марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ішкі істер органдарының үздік қызметкерлерін марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 мамырда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мерекесін атап өту аясында "Алатау" спорт кешенінің алдында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болған ішкі істер органдары қызметкерлері мен ішкі әскерлер әскери қызметшілеріне арналған Монументке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Монументке гүл шоқтарын қою рәсіміне министрліктің және орталық аппарат қызметтерінің басшылары, ардагерлер, ішкі істер органдары мен ішкі әскерлер ардагерлері, шақырылған қонақтар қатысты.
Монументке гүл шоқтарын қою рәсімі аяқталғаннан кейін шараға қатысушылар қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болған ішкі істер органдары мен ішкі әскерлер әскери қызметшілерінің рухына арнап бір минуттық үнсіздік жариялады.


© ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Сондай-ақ, ІІМ-нің клубында салтанатты жиналыс өтіп, онда министр Қасымов ІІО қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, қызметтеріне табыс тіледі.

Ішкі істер органдарының 30 қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Министрдің мерекелік бұйрығымен ішкі істер органдарының бірқатар қызметкерлері "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен және "ІІО үздігі" омырау белгісімен, сонымен қатар құрмет грамоталарымен марапатталды.
Сонымен қатар Ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін орталық аппараттың және аумақтық бөліністердің 637 қызметкері марапатталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети