Қатаң шаралар қабылдаңыз - Бектенов жылу беру маусымына қатысты тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қатаң шаралар қабылдаңыз - Бектенов жылу беру маусымына қатысты тапсырма берді Фото: үкіметтің баспасөз қызметі

Олжас Бектенов вице-премьерге инфрақұрылымның жылу беру маусымына дайындығын бақылауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олжас Бектенов вице-премьерге инфрақұрылымның жылу беру маусымына дайындығын бақылауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет отырысы барысында жылумен жабдықтау объектілерін дайындау тәуекелдері атап өтілді. Негізгі өңірлік жылу көздері бойынша мерзімдерді ауыстыру Екібастұз, Теміртау, Тараз, Жезқазғанда тіркелген.

"Биыл мамырдың басында Үкімет отырысында жөндеу мерзімін ұзартуға және олардың көлемін азайтуға жол бермеу туралы тапсырма бердім. Алайда КЕГОК операторы бекіткен жөндеу жұмыстарының кестесіне меншік иелерінің қалауы бойынша үнемі өзгерістер енгізіліп отырады", - деді отырысқа қатысушылардың назарын аударған Олжас Бектенов. - Тек биылдың өзінде кестеге 18 рет жөндеу жұмыстарын ауыстыру бойынша өзгерістер енгізілді. Бұл әкімдіктер мен Энергетика министрлігінің қатысуынсыз және келісімінсіз жасалды".

Осыған байланысты уақытылы жаңғырту және жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мәселесін бірінші вице-премьер Роман Склярдың жеке бақылауына алу тапсырылды. Проблемалық нысандарды аралау аясында Қарағанды облысына жұмыс сапары жасалды.

"Роман Васильевич, жергілікті жерлерде қажетті жедел шешімдер мен қатаң шаралар қабылдаңыз. Жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше назар аударыңыз", - деп тапсырды Олжас Бектенов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети