Катар Астана құрылысына көмек көрсетті - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Катар Астана құрылысына көмек көрсетті - Назарбаев © Тұрар Қазанғапов

Назарбаев Катардың Сыртқы істер министрін қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Катардың Сыртқы істер министрін қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция және көлік-транзит салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Катардың қарым-қатынасы жоғары деңгейде екенін атап өтті.

"Сіздің сапарыңыз ынтымақтастығымыздың деңгейін одан әрі көтеруге септігін тигізетініне сенімдімін. Катар біздің елордамыздың құрылысына, соның ішінде "Нұр Астана" мешітінің құрылысына жәрдем етті. Сонымен қатар Семей полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен жандар үшін Семей қаласында салу жоспарланған сауықтыру орталығының құрылысына жасалған көмекке ризашылық білдіргім келеді", - деді Мемлекет басшысы.

Бұл жоба Назарбаевтың мәдениет, білім және әлеуметтік бағдарламалар қоры мен Катар даму қорының өзара ықпалдастығы негізінде жүзеге асырылуда. Халед әл-Атыя өз кезегінде Катар Әмірінің сәлемін жеткізіп, екіжақты ынтымақтастық одан әрі нығая береді деп үміттенетінін білдірді.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети