Қатар Қазақстанның әскери полигондарын пайдалана алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қатар Қазақстанның әскери полигондарын пайдалана алады Фото:depositphotos.com

Қазақстан мен Қатар әскери салада ынтымақтасады. Мәжіліс депутаттары тиісті келісімді ратификациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Қатар әскери салада ынтымақтасады. Мәжіліс депутаттары тиісті келісімді ратификациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін мәжілісмендер Қазақстан мен Қатар үкіметтері арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қарады.

Құжатты талқылау барысында депутат Бақытжан Базарбек: Қазақстан мен Қатар келісімді ратификациялағаннан кейін бір-бірінің әскери полигондарын пайдаланатыны рас па деген сұрақ қойды.

"Келісімнің 5-бабына сәйкес, Қатар мен Қазақстан өздерінің әскери полигондарын пайдалана алады. Қазақстанда әскери полигондар көп, бірақ Қатарда полигон жоқ. Жалғыз нәрсе - әскери база. Айтыңызшы, Қатарда қандай әскери полигондар бар? Қатар әскерилері... Олардың әскері жоқ, 80 пайызы шетелдік әскерилер, келісім бекітілгенде, ол ҰҚШҰ келісімімен қалай ұштасады?" - деп сұрады Базарбек.

Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Қазақстанда әзірге мұндай жоспар жоқ деп жауап берді.

"Біздің олардың полигонын пайдалану мақсатымыз жоқ, керісінше, Қатар әскери қызметшілері біздің полигонды пайдалана алады. Мұндай мүмкіндік бар, беріледі. Екінші сұраққа қатысты қайшылықтар болмайды. Бұрын айтылғандай, 20 елмен мұндай келісімге қол қойылған. Сондықтан мұндай мәселе туындамайды", - деді министрдің орынбасары.

Базарбек шенеунікке құжатты мұқият оқып шығуға кеңес берді, өйткені онда "біз полигонымызды Қатарға береміз, ал олар өз полигондарын бізге береді" делінген.

"Иә, дұрыс. Мен жақын арада біз Қатар полигонын қолданамыз деген мақсат жоқ, керісінше, оларға өз полигонымызды береміз дегенді айтып отырмын. Полигонды жаңғыртуға келетін болсақ, қалпына келтіруге қаражат бөлінеді", - деп толықтырды Ахмедиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети