“Қате пікір“: Тоқаев Парламентті реформалау деген Сенатты тарату деген сөз емес екенін айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Қате пікір“: Тоқаев Парламентті реформалау  деген Сенатты тарату деген сөз емес екенін айтты

Президент Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының пікірінше, Парламентті реформалау Сенатты тарату деген сөз емес.

"Парламенттік реформа "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" саяси формуласына толық сай келеді. Жаңа да атап өттім, бұл – мемлекетіміздің құрылымын айқындайтын басты тұжырым. Түптеп келгенде, парламенттік реформа және осыған дейін жүзеге асырылған реформалар біздің аймақта бұрын-соңды болмаған, шын мәнінде, жаңа басқару жүйесінің негізін қалайды. Сондай-ақ, тағы бір маңызды мәселеге назар аударғым келеді: Парламентті реформалау бұл Сенатты тарату деген сөз емес. Мұндай қате пікірге жол беруге болмайды. Біздің алдымызда тұрған мақсат айқын. Біз өкілді билік тармағын түбегейлі жаңғыртуымыз керек. Осылайша азаматтарымыздың мүдделері мен тілек-ниетін білдіретін заң шығарушы орган мүлде жаңа сипатқа ие болады", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети