Қатты жел мен өрт қаупі: бірнеше өңірге ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қатты жел мен өрт қаупі: бірнеше өңірге ескерту жарияланды Фото: elements.envato.com

Синоптиктер Астана және еліміздің 16 облысының тұрғындарына қатты жел мен жоғары өрт қаупі туралы ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Астана және еліміздің 16 облысының тұрғындарына қатты жел мен жоғары өрт қаупі туралы ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана - жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні секундына 15-18 метр.

Ұлытау облысы - облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында өрт қаупі жоғары.

Қарағанды облысы - Қарағанды облысының басым бөлігінде өрт қаупі жоғары, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысы - батыста, оңтүстікте, таулы аймақтарда найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың таулы аймақтарында секундына 15-20 метр. Облыстың көп бөлігінде төтенше (5-сынып) өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысы - оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. Облыстың көп бөлігінде жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы - оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз секундына 15-20 метр, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 23 метр.

Ақмола облысы - түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 23 метр.

Атырау облысы - облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысы - жел шығыс, оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз батыста, облыстың орталығында секундына 15-18 метр. Облыстың шығысында өрт қаупі жоғары, ал облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы - батыста, оңтүстікте, облыстың орталығында өрт қаупі жоғары.

Павлодар облысы - оңтүстік-батыстан жел соғады деп күтіледі, күндіз батыста, солтүстікте секундына 15-20 метр.

Қызылорда облысы - облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары.

Жетісу облысы - облыстың оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр, күндіз Алакөл көлдері ауданында секундына 23-28 метр. 22-24 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы - оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады, облыстың көп бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысы - түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Оңтүстікте, облыстың орталығында өрт қаупі жоғары болады.

Маңғыстау облысы - төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысы - түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. 22-23 қыркүйекте күндіз облыстың таулы аймақтарында найзағай ойнайды. 22-23 қыркүйекте жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың таулы аймақтарында секундына 15-20 метр. 22-23 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети