19 сәуір 2023 | 12:41

"Қатты қателестік". Тоқаев МИҚ реформасы туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мүлік иелері қауымдастығын (МИҚ) реформалау туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мүлік иелері қауымдастығын (МИҚ) реформалау туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте қаланы абаттандыру мәселесіне тоқталды. Бұл мәселемен барлық деңгейдегі әкімдер айналысуы керек, деді Мемлекет басшысы.

"Әлеуметтік-экономикалық факторлармен қатар өңірлердің даму деңгейі ғимараттардың сыртқы түрі, олардың санитарлық нормаларға сәйкестігі, аумақтарды көгалдандыру, қоғамдық кеңістіктің жай-күйі, балалар спорт алаңдарының болуымен және т.б. айқындалатыны белгілі. Қоғамда тұрғын үй қорын тиімді басқару мәселесі де белсенді талқыланып жатыр. МИҚ институтын енгізуге бағытталған реформа соңына дейін жеткізілген жоқ. Біз осы МИҚ реформасы бойынша қатты қателестік. Мұндай жағдайда халыққа сапалы және ашық қызмет көрсету - басты міндет орындалмай отыр", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол бұл реформа жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде бірінші кезеңді құруды көздейтінін түсіндірді.

"Сондықтан бұл тапсырманы тиісті назарсыз қалдыруға болмайды. Жалпы, теңгерімді инфрақұрылымдық саясат қажет", - деп тапсырды Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети