Қатты желден шатырдың ұшып кетуі оқиғалары кейінгі жылдары Қазақстандағы "танымал" тақырыптардың біріне айналғанына алғашқы жыл емес. Тәжірибе көрсеткендей, көбінесе ескі шатырлар емес, салыстырмалы түрде жаңа шатырлар зардап шегеді.
Қатты желден шатырдың ұшып кетуі оқиғалары кейінгі жылдары Қазақстандағы "танымал" тақырыптардың біріне айналғанына алғашқы жыл емес. Тәжірибе көрсеткендей, көбінесе ескі шатырлар емес, салыстырмалы түрде жаңа шатырлар зардап шегеді.
Бүгінде нарықта шатырға арналған материалдардың сан түрі бар. Бұл иілгіш қасиетке ие құрастырмалы немесе қатты материалдар, жеңіл немесе ауыр түр. Олардың ішінде көбіне профнастил, жұмсақ жаппа мен металл жабыңқы және шифер көп қолданылады.
Бұл материалдардың сипаттамасын Қазақстандағы климат жағдайымен қарайтын болсақ, бірнеше ерекшелігіне мән беруге тура келеді. Себебі еліміздің оңтүстігінде жазда күн ыстық болса, солтүстігінде қыста аяз бен қалың қар басады. Бұған өңірлердегі әр мезгілде соғатын адуынды желді қосыңыз. Осы үшін жұмсақ жаппа мен металл жабындыны көп пайдалана бермейді. Бұған негізгі екі себепті айта кетуге болады. Оның бірі – өзге материалдардан бағасының қымбат болуы. Одан кейінгісі – жұмсақ әрі жеңіл болатын шатырдың жоғары және төмен температурада беріктігі азаяды, сондай-ақ қалың қар салмағын ұстап тұруы да қиын. Ал металл жабындыларда желдету дұрыс орнатылмаса буланып, шықтанып кету қаупі бар, әрі шулы болады.
Бүгінде шатыр жабуға ең көп қолданылатын материалдың бірі ретінде профнастилді ерекше атауға болады. Бұл бағасы жағынан қолжетімді материалдың бірі. Көзге де әдемі көрінеді, әрі орнату да оңай. Басты кемшілігі – ұзаққа шыдамауы. Бұл оның тот басып шіруіне байланысты емес, құрылымдық беріктігінің төмен болуынан. 2023 жылы Қарағандыдағы ІІМ академиясы ғимаратының, Павлодардағы мәдениет үйінің, Қызылордадағы тұрғын үйдің, 15 желтоқсан күні Кентаудағы қатты дауыл ондаған тұрғын үй мен оқу орындарының шатырын ұшырып кетті. Айта берсең, мысал көп.
40 жылдық тәжірибесі бар құрылыс маманы Елена Палева мұның бір себебін материалдың жеңіл болуымен және желге берік болмауымен түсіндіреді.
- Көп адам шатырды орнату технологиясын дұрыс ұстанбайды, профильді алып жеңіл жасалған жабындыға орната салады, - дейді ол. – Ауданы бойынша үлкен профнастилді жұқа ағаш бетіне қатырады. Оның өзінде кейбіреулер әр квадрат метрге орнатылуы тиіс бұрандаларын толық бекітпей де жатады. Бұл құрылыстың тез аяқталуы мен шығынды азайтқанмен, шатырдың беріктігін қамтамасыз ете алмайды, соңында қатты желден ұшып кету қаупіне алып келеді.
Көпшілік, оның ішінде ауыл шаруашылық нысандарын салатын мамандар да сарапшы пікірімен келіседі. Олардың біршамасы жеңіл материалдарды, әсіресе мал фермаларында қолданудан бас тартқан. Профнастил да металл жабынды секілді тез қызады әрі шулы болады, сондай-ақ шатыр буланып кетуі де мүмкін.
Шиферге қатысты еш сұрақ жоқ. Бұл материал ұзаққа шыдайды, ыстыққа қызып та кетпейді және бағасы да бәсекелестерінен әлдеқайда тиімді. Оның үстіне бүгінде шифер Қазақстанның 100% отандық өнімі болып саналады. Оның құрамының көп бөлігі цемент, тағы бір бөлігі хризотил талшығынан тұрады, ол оған күш береді және басқа да пайдалы қасиеттерді, соның ішінде саңырауқұлақтар мен зеңге төзімді болып келеді.
- Үйімнің шатырын ауыстыру жайлы шешім қабылдап, нарықты ұзақ зерттедім, - Семей қаласының тұрғыны Юрий Давыдов. – Соңында шиферді келіп таңдадым. Оның бағасы көңілге қонымды болды. Біздің шатырға 0,35 мм профил парағы тура келмейтін болды. Оның үстіне қалың қарды қыста көтере де алмайды. Кем деген қалыңдығы 0,4 мм шатыр жабындысы керек болды. Оның әр парағы 16-17 мың теңге шамасында болды. Әр квадратқа 2500 теңге шамасында шығады екен. Ал егер шиферді алатын болсақ, 1,97 квадратын 2500 теңгеге сатып алуға болады. Оның биік қарды ұстап тұру беріктігі де жоғары. Бұл тұрғыдан алғанда әлдеқайда арзан әрі тиімді. Егер менің тәжірибемді кейінгі бірнеше жылда профнастилмен шатырын жауып, бірнеше рет желге ұшырған көршіммен салыстыратын болсақ, онда менің пайдам бұдан да көп.
Құрылыс мамандары шиферді орнату кезінде арнайы технологиясын ұстануға кеңес береді. Шиферді қатты бекітуге болмайды, бостау етіп, қимылдап тұруына жағдай жасау керек. Мысалы, жеңіл бекітілген шифердің төменгі бөлігіне суағар ретінде қосымша материал бекітуге де ыңғайлы болады.
Шиферді орнату технологиясы талаптарына астына қойылатын ағашты таңдауға да мән беріледі. Профнастил үшін жұқа немесе жалпақ тақтай таңдалады. Шифер үшін стандарт ағаштың қалыңдығы – 50-де 50 мм. Бұл қар, жел мен ыстық күндері қызып кетпеуіне сеп болады.
Семей тұрғыны Юрий Давыдов шиферді үшке бөліп, металл жабындысына ұқсатып жасап алған. Ол үшін қарапайым бетоннан жасалған дисктерді пайдаланған. Бұл құрылысты жүргізуді жеңілдеткен. Материал сынғыш болған соң қауіптенсе де, жасап шыққан. Бекер уайымдапты.
- Қазіргі шиферлер заманауи, боялған, бұрынғыдай көзіміз үйренген сұр түсті емес. Көршілер оны алыстан металл жабындысынан ажырата да алмаған, - дейді қазақстандық.
- Менің шатырыма жуырда алты жыл болады, адамдар әлі күнге дейін сұрақ қойып келеді. Кейбіреулер шығып көріп те жатады. Бояуы кетпеген, жел ұшырмаған. Жел тұрғанда дауыс та шықпайды. Жақын арада жөндеу керек емес деп ойлаймын. Мен алдағы 10 жылда шатырға шығамын деп ойламаймын. Жөндеуді кім жасайды десем, менің екі жастағы ұлым өскенде өзі жасайтын болар... Өзінің отбасы болғанда.
Бүгінде қазақстандықтардың шиферден, бірақ римдік бейінмен шатыр жабу мүмкіндігі бар. Мұндай материал белгілі бір пішінге лайықталып, бірқатар толқын тәрізді стилімен ерекшеленеді. Шатырдың көрінісі ерекше көз тартып, су өткізбейтін қасиетке ие.
Құрылысшылардың бір бөлігі шатырға арналған материалды таңдағанда ғимараттың тірек құрылымдарына жүктемені ескеру қажет екенін айтады. Сондықтан да кей жағдайларда профил парағына басымдық беріледі. Алайда сарапшы Елена Палева олармен келіспейді.
- Шифер ауыр болады, бірақ ол ғимараттың құрылымына ешқандай шешуші күш түсірмейді, - дейді ол. - Біздің климаттық жағдайға байланысты шиферді де көтере алмайтын ғимарат соғу ақылға қонымсыз. Егер кеңес кезінде соғылған мемлекеттік мекеме немесе балабақша болса шиферден еш зардап шекпейді. Оның құрылысына бастапқыда жеңіл шатыр жоспарланса да шифер ауыр болып саналмайды. Мен бұған толық сенімдімін, - дейді Елена.
Кеңес заманында шығарылған шифер мен қазір шығып жатқан заманауи шиферлердің айырмашылығы бар. Қазіргілердің материалы жеңіл, әрі соққыға төзімді келеді. Инженерлер әдемі көріну үшін жаңа түрлерін ойлап тапты. Оны римдік бейінде деп атап, жалпақ түрін де өндіре бастады. Зауытта сұр түсінен басқасын шығаруды қолға алды. Қазір бірден түрлі түсті болып шығады. Шифер материалдың сәндік қасиеттерін ұзақ уақыт сақтауға кепілдік беретін бояу технологиясын енгізу арқылы жарқырай түсті. Бірақ сол бұрынғы ұзындығы мен енін сақтап қалды. Бүгінде адамдар шатырды жөндеу үшін белгілі бір бөлігін ғана алмастырады. Мұны көпқабатты үйдің тұрғындары да, жеке жер үйдің иелері де жасайды. Нәтижесінде шифер өзінің негізгі сапалық артықшылықтарын сақтай отырып, одан да бәсекеге қабілетті болу үшін пішінін де өзгертуге көшті.