23 шілде 2014 | 18:32

Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы полицейлер жұмысына баға берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Қожамжаров. ©Тұрар Қазанғапов Қайрат Қожамжаров. ©Тұрар Қазанғапов

Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Президенттің көмекшісі Қайрат Қожамжаров ҚР Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 


Иконка комментария блок соц сети

Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Президенттің көмекшісі Қайрат Қожамжаров ҚР Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Қожамжаров күш құрылымдарының 2010-2013 жылдары жүргізген реформаларына бағасын берді, бұл реформалар бүкіл құқықтық жүйені жаңартуға негіз болды. "Олардың ішіндегі елеулілері - тіркеу-есепке алу тәртібін реттеу, құқық қорғау органдарының құзыретін нақтылау, оларды өздеріне тән емес функциялардан босату, заңнамаларды ізгілендіру, қылмыстық сот өндірісін жеңілдету және патруль мен жол полициясын біріктіру", - делінген хабарламада.

Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы ішкі істер органдарының құқықтық тәртіп пен қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтудағы үлесін атап өтті. "Полицейлер қылмыспен күресте қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғауды қамтамасыз етіп, алдығы шепте тұрады. Олардың өз өмірлерін сарп ететін кездері аз емес. Соңғы үш жыл ішінде ғана қызметтік парызын орындау барысында 76 қызметкер қайтыс болып, 352-сі жарақат алды. Біздің бәріміз ішкі істер органдары миссиясының маңызы мен жауапкершілігін түсінеміз. Біздің қоғам бұл жауынгерлік әрі қауіпті еңбекті оң бағалайды және полицей мамандығының қаншалықты тәуекелді екенін түсінеді", - деді Қайрат Қожамжаров.

Ол Мемлекет басшысының полиция алдына қойған міндеттері мен тапсырмаларына тоқталды. Олар, әсіресе, Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық-атқару және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстердің қабылдануымен байланысты жаңа құқықтық жағдайда жұмыс істеуге сапалы дайындық туралы. Қожамжаров Президенттің "Құқық қорғау органдарының қызметі көрсеткіштерге қарай емес, халықтың сенімі деңгейіне қарай бағаланатын болады" деген сөзін еске салды.

Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы геосаяси жағдайлардың өзгеруінен болатын қазіргі заманғы қауіптерге қарсы тұру жөнінде де айтты. Олар - терроризм мен экстремизм қаупін бәсеңдету, жанжалдарды шешудің жаңа технологияларын пайдалану, ұйымдасқан қылмыс пен есірткіге қатысты қылмыстық ахуалдың шиеленісуіне жол бермеу және басқа да мәселелер.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети