Қауіпті ауа райы: Астана әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қауіпті ауа райы: Астана әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады Фото © Tengrinews.kz / Маржан Куандыкова

Астана әкімдігі ауа райының нашарлауына байланысты тұрғындарға ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімдігі ауа райының нашарлауына байланысты тұрғындарға ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Астанада жаңбыр жауды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

"Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдардың жүру бөлігі, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер аймақтары көктайғаққа қарсы материалдармен өңделіп жатыр, жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады елорда әкімдігі.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан сақтық шараларын сақтау сұралды:

  • көшеде қозғалған кезде,
  • жолдан өту барысында мұқият болу,
  • таймайтын табаны бар аяқ киім кию,
  • алыс жолға шықпау ұсынылады.

Жүргізушілерге көріну деңгейінің төмендеуін және жолдың тайғақ болуын ескеріп, жылдамдық режимін және арақашықтықты сақтау, сондай-ақ көліктің техникалық жағдайын және шиналардың ауа райына сәйкестігін тексеру ұсынылады.

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 112 нөмірі арқылы жедел қызметтерге хабарласу қажет.

Астанадағы ауа райы болжамы

30 желтоқсан – бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 9–14 м/с, кей уақытта екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 1–3 градус аяз, күндіз 1–3 градус жылы.

31 желтоқсан – құбылмалы бұлтты. Түнде қар, боран, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде 3–5 градус аяз, күндіз шамамен 0 градус.

1 қаңтар – құбылмалы бұлтты. Түнде қар, боран, көктайғақ. Жел оңтүстіктен соғады, 9–14 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 10–12 градус аяз, күндіз 8–10 градус аяз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.15  course up  592.2  course up  6.49  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети