Қауіпті инфекция Ақтөбе облысының тұрғындарын шошытты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© ktk.kz © ktk.kz

Ақтөбе облысында малда қауіпті инфекция таралды. Тек бір Алға ауданында 60 бас сиыр мен қошқарда ауру анықталып, жеті өлім жағдайы тіркелді. Бұл туралы КТК телеарнасының репортажында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында малда қауіпті инфекция таралды. Тек бір Алға ауданында 60 бас сиыр мен қошқарда ауру анықталып, жеті өлім жағдайы тіркелді. Бұл туралы КТК телеарнасының репортажында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көбінесе ауру сиырларда кездеседі. Ауру жұқтырған сиырлар тамақтан бас тарта бастайды және көп салмақ жоғалтады.

"Ауру жұқтырған жануарлардың ауыздарынан сілекей ағып, жаралар қаптап кетеді содан кейін қан кетеді. Әлсіздік болады. Ауруды сиырлар тез жұқтырады. Инфекция тамақтанғанда шөпте қалады, ал басқа сиыр сол шөпті жегеде жұғады", - дейді Бестамақ ауылының тұрғыны Балжан Жақсылықова.

"Мал адамға жұғатын қауіпті аусыл дертіне шалдыққан" деген қауесет ауылға тарап кеткен.

"Әрине, аусыл ма деп қорқамыз. Бастапқыда сиырларым ауырып қалды. Олар ішіп-жеуді мүлдем қойды. Бір аптаға жуық осылай жатты", - дейді Бестамақ ауылының тұрғыны Ахмадин Мұқашов.

Дегенмен, зертханалық зерттеулер жануарлар аусылмен емес, қауіпті емес инфекция - ринотрахеитпен ауыратынын көрсеткен. Ветеринарлар ем тағайындап қойған.

"Мамандардың айтуынша, бұл ауру адам денсаулығына қауіпті емес. Бұл, зертханалық зерттеулермен дәлелденді", - дейді Алға ауданы әкімінің орынбасары Мирхан Ермағанбетов.

Алға өңірінде малдардың жаппай ауруға шалдығуына байланысты ірі қара малға індетке қарсы екпе егуді шұғыл қолға алды. Ауру сиырлар мен қошқарлар аулаларда оқшауланған. Қалғандарына жануарлардағы аурудың алғашқы белгілері көрінген кезде мамандарды шақыру ұсынылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro