Қай аймақтардың тұрғындары Астанаға жиі қоныс аударатыны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қай аймақтардың тұрғындары Астанаға жиі қоныс аударатыны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімдіктегілердің мәліметінше, 2018 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында елордаға 35370 адам келіп, 30981 адам көшіп кеткен.
"Осы жылдың қаңтар-мамыр айларындағы көрсеткішті 2017 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда, Астана қаласына келгендер саны 49,5 пайызға азайды, ал кеткендер саны 37,5 пайызға азайды. Елорда халқының көші-қон өсімінде келгендер үлесі Ақмола облысынан - 19,4 пайыз, Оңтүстік Қазақстаннан - 14,2 пайыз, Қарағандыдан - 9, пайыз, Шығыс Қазақстаннан - 8,9 пайыз, Алматы қаласынан - 8,2 пайыз және басқа облыстардан 39,5 пайызды құрады", - делінген әкімдіктің хабарламасында.
Сондай-ақ, Астана қаласының ТМД елдерімен де көші-қон айырымы оң мәнді екені айтылады: Әзербайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы.
"Басқа елдермен оң мәнді көші-қон айырымы, негізінен, Грузия, Ұлыбританиямен, Біріккен Араб Әмірлігі, АҚШ, Сауд Арабиясы, Испания, Чех Республикасы, Қытай, Жапония, Литва, Түркия, Корея Республикасы, Малайзия және Монғолиямен қалыптасты", - деп қорытындылады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.