Қай қалаларда жаңажылдық отшашу болады?

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Оралда мерекелік отшашу 31 желтоқсан сағат 23.00-ге жоспарланған. Ол Тұңғыш Президент алаңында өтеді. Осы алаңға биіктігі 22 метр болатын қаланың бас шыршасы орнатылған. Орал әкімдігі өкілі 31 желтоқсан сағат 20.00-де ертегі кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақар қатысатын мерекелік ойын-сауық бағдарламасы басталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Оралда мерекелік отшашу 31 желтоқсан сағат 23.00-ге жоспарланған. Ол Тұңғыш Президент алаңында өтеді. Осы алаңға биіктігі 22 метр болатын қаланың бас шыршасы орнатылған. Орал әкімдігі өкілі 31 желтоқсан сағат 20.00-де ертегі кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақар қатысатын мерекелік ойын-сауық бағдарламасы басталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қала тұрғындарын көптеген тосынсый күтіп тұр. Оралдың үздік эстрадалық ұжымдары өнер көрсетеді. Бағдарлама мерекелік отшашумен аяқталады", - деді Орал әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов.

Биыл жаңа жылды тойлауға қалалық бюджеттен жеті миллион теңге бөлінді. Бұл ақша балаларға арналған ертеңгілікке, жаңажылдық отшашуға, қаланы мерекелік безендіруге жұмсалады.

Өскеменде жаңажылдық отшашу 2022 жылы болады. Яғни, жаңа жылдың 1 қаңтарында дәл 1:00-де орталық алаңда өтеді. Оны қала тұрғындары арасында мерекені тойлауға келгендер тамашалай алады. Алайда қала әкімшілігі өскемендіктерге қашықтықты сақтап, бетперде тағу қажет екенін алдын ала ескертті. Өскеменде отшашудан бөлек жаңа жыл қарсаңында мерекелік концерттер өткізу жоспарланған. Қойылымдар облыс орталығының бірнеше жерінде өтеді. Іс-шаралар 31 желтоқсан сағат 22:00-де басталады.

Павлодарда 31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында жаңажылдық отшашу болмайды. Бірақ бұл қалада мереке түрлі-түсті отшашуларсыз өтеді дегенді білдірмейді. Дәстүр бойынша қала тұрғындары тұрғын үй аулаларында отшашу ата алады. 

Әдетте Павлодарда жаңажылдық отшашу шырша жағу кезінде ұйымдастырылатын еді, бірақ кейінгі жылдары пандемияға байланысты бұл рәсім online форматта өткізіледі. Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі өкілі орталық жағалаудағы басты шыршадан бөлек шағынаудандарда жалпы сомасы 16,6 миллион теңгеге тағы екі шырша орнатылғанын мәлімдеді. Барлық үш шырша да кейінгі жылдары қолданылған ойыншық, гирляндалармен безендірілген.

Қарағандыда жаңа жыл қарсаңында мерекелік отшашу болмайды. Қала тұрғындары үшін Орталық мәдениет және демалыс саябағы аумағында екі мұз айдыны жұмыс істейді. Майқұдық, Пришахтинск және Сортировка тұрғындарына Майқұдық мәдениет үйі, "Молодежный" және "Теміржолшылар" ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынады.

Қызылордадағы орталық алаңда жаңа жылға арналған мәдени іс-шаралар жоспарланбаған. Бұл халық арасында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу үшін жасалды. Бірақ қала тұрғындары жаппай мерекелерге қатыса алады. Жаңажылдық отшашу да болмайды, өйткені оған қаражат бөлінбеген. Былтыр да облыс орталығында пандемияға байланысты отшашу болған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro