Қай өңірінде тұрғындар көп темекі шегетіні айтылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Денсаулық сақтау министрлігі темекі шегетін қазақстандықтар туралы мәлімет берді. Еліміздің қай өңірінде темекі шегетін адам көп екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігі темекі шегетін қазақстандықтар туралы мәлімет берді. Еліміздің қай өңірінде темекі шегетін адам көп екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен 4 жылда бір рет халықтың темекі өнімдерін тұтыну деңгейін анықтау бойынша зерттеу жүргізетінін айтты. Ол "темекіні тұтыну туралы Жаһандық ересек сауалнама" (GATS) деп аталады.

"Кейінгі зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Қазақстанда ересектердің 20,4 пайызы - 2,7 миллион адам темекі шегеді: темекі, темекі түтіктері, сигаралар, сигарилер, темекі қосылған кальян және электрон темекі мен жылыту темекісін қоспағанда, басқа да шегетін темекі өнімдері. Оның ішінде 36,5 пайызы ерлер (2 миллион 287 мың адам) және 6 пайызы (422 мың адам) әйелдер", - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі 2017 жылдан бастап Қазақстанда әр төрт жыл сайын 11-15 жастағы балалар арасында "мектеп жасындағы балалардың денсаулыққа қатысты мінез-құлқы" (HBSC) атты зерттеу жүргізілетінін хабарлады.

Кейінгі жүргізілген зерттеуге сәйкес, Қазақстанда балалардың 9,8 пайызы электрон темекіні (вейптерді) үнемі шегеді, оның ішінде ұлдардың 11,3 пайызы және 11-15 жас аралығындағы жасөспірім қыздардың 8,2 пайызы.

2014 жылдан 2022 жылға дейін ұлдар арасында электрон темекіні тұтынушылар саны бес есе, қыздар арасында жеті есе өсті.

"Зерттеу деректері бойынша, Қазақстан өңірлері арасында ересектер арасында темекі шегудің ең жоғары көрсеткіші Қостанай облысында - 30,6 пайыз. Түркістан облысында темекі шегудің ең аз мөлшері - 10,2 пайыз", - деп қорытындылады ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro