Қайрат Боранбаевтың ісі сотқа жіберілді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Боранбаевтың ісі сотқа жіберілді

Қаржы мониторингі агенттігі өкілдері Қайрат Боранбаев ісінің жай-жапсарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы мониторингі агенттігі өкілдері Қайрат Боранбаев ісінің жай-жапсарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, "АзияГазЧунджа" ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Наханов және Qazaq Gaz АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 миллиард теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру деректері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

2022 жылғы 23 желтоқсанда Бас прокуратура істі соттың қарауына жіберді.

Ұлттық компанияға келтірілген залал Qazaq Gaz АҚ шоттарына аудару арқылы толық көлемде өтелді.

Аяқталған іс шеңберінде азаматтық талап қою және мүлікті тәркілеу бөлігінде үкімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында айыпталушылардың 38 миллиард теңге сомасындағы ақшалай қаражатына, 15 жылжымайтын мүлік объектісіне, 3 автокөлік құралына тыйым салынды.

Агенттік Қайрат Боранбаевқа және басқа адамдарға қатысты газ экспорты кезінде ұрлау және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру дерегі бойынша бөлінген істер шеңберінде соталды тергеуді жалғастырып жатыр.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети