"Қайрат" бортында футболшылар болған ұшақ апатына қатысты түсініктеме берді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қайрат" бортында футболшылар болған ұшақ апатына қатысты түсініктеме берді

"Қайрат" бортында футболшылар мен клубтың жаттықтырушылар штабы болған ұшақтың апатқа ұшырауына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Төтенше оқиға 22 қазан күні таңертең Алматы халықаралық әуежайында болған. FlyJet ұшағы Renault көлігімен соқтығысқан.

"Шынында да, "Қайрат" ФК футболшылары мен жаттықтырушылар штабы бортта болды. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Команда біраз уақыт ұшақта болды, содан кейін клуб базасына кетті. 24 қазан, жексенбі күні өтетін "Қайрат" - "Астана" маңызды матчының алдында кешке жаттығу болады", - деп мәлімдеді "Қайрат" ФК баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осы рейсте "Қайрат" Бакуден "Қарабахқа" қарсы өткен топтық матчтан оралды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлігі (әуе көлігінің қозғалыс қауіпсіздігі және пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети