Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Қайрат Келімбетов немен айналысып жүр

21 Желтоқсан 2015, 15:53
1
Қайрат Келімбетов
Қайрат Келімбетов

Қайрат Келімбетов тілшілерге  Қазақстан Ұлттық банкі төрағасы қызметінен кеткеннен кейін немен айналысып жүргенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен Financial Times ұйымдастырған дөңгелек үстелдің жұмысына қатыстым. Таңертең бұл сессияны премьер-министр ашты. Мен сарапшы әрі "Астана" Халықаралық қаржы орталығы жобасын жасауға атсалысқан Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы ретінде қатыстым", - деді Келімбетов.

Келімбетовке "Астана" қаржы орталығын басқару туралы сұрақ қойылды.

"Бұл сұрақты шешім қабылдайтын адамға қойыңыздар", - деді Келімбетов. Қазір ол кеңес берумен айналысып жүргенін жеткізді.

"Қазір мен АХҚО-ны құрып жатқан аранайы мемлекеттік ұйымдарға кеңес беріп жүрмін. Қазір алдын ала жұмыстар жүргізіліп жатыр. "Халықаралық қаржы орталығы" акционерлік қоғамы құрылуы мүмкін. Алдағы екі жылда жеке реттеуші, жеке сот құру керек, үлкен жұмыстар күтіп тұр. Мен әзірше жеке адам ретінде пікір білдіремін", - деді Ұлттық банктің экс-төрағасы.

Еске сала кетейік, Ұлттық банкке жаңа төраға 2015 жылдың 2 қарашасында тағайындалды. Қайрат Келімбетовтің орнына Данияр Ақышев келді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай