Алматылық "Қайрат" футбол клубының бас директоры Мәлік Күшалиевтің қан-жоса болған қасқырмен түскен суреті қазақстандықтарды дүрліктірді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Алматылық "Қайрат" футбол клубының бас директоры Мәлік Күшалиевтің қан-жоса болған қасқырмен түскен суреті қазақстандықтарды дүрліктірді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Телеарна тілшілерінің айтуынша, сурет 2011 жылдың наурызында түсірілген, сол уақытта Күшалиев белгілі газ компаниясында жұмыс істеген. Суреттің қайда түсірілгені айтылмайды. (Дереккөз - КТК телеарнасы).
Мәлік Күшалиев "Қайрат" футбол клубының бас директоры болып 2012 жылдың қыркүйегінде тағайындалды. Оған дейін ол жетекші қызметтерде істеді. 2007 жылдан бастап "КазРосГаз" ЖШС-ында бас директордың құқық мәселелері жөніндегі орынбасары қызметінде болды.