Қайрат Құдайберген уақытша ұстау изоляторында коронавирус жұқтырды

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Құдайберген уақытша ұстау изоляторында коронавирус жұқтырды Фото:instagram.com/kudaibergen_kairat

Алматы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайберген уақытша ұстау изоляторында коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайберген уақытша ұстау изоляторында коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайрат Құдайбергеннің адвокаты коронавирус инфекциясына тапсырған сынама оң нәтиже бергенін айтты. Адвокаттың айтуынша, 17 шілдеде Құдайберген тергеу изоляторында анасына денсаулығы нашарлағанын айтып, жақындамауды өтінген. Кейін изоляторға жедел жәрдем шақырылып, олар COVID-19-ғы сынама алған.

"Біз прокурорға өтініш бердік, өйткені олар тергеу әрекеттерін жүргізуі керек, алайда ол ауырып қалды. Бұл бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз екенін айттық. Оны қарауды өтіндік, кеше қорқынышымыз расталды, прокурор оның "омикрон" жұқтырғанын айтты. Қазір ол отырған уақытша ұстау изоляторында білікті медициналық көмек көрсетуге жағдай жоқ. Біз оны емдеу мекемесіне немесе медициналық бөлімшесі бар тергеу изоляторы бар басқа мекемеге ауыстыруды сұрадық. Сондай-ақ, сот оны медициналық көмек алу үшін үйқамаққа ауыстыру мүмкіндігін қарастыруы керек", - деді адвокат Мұрат Әмитов.

Әмитовтың айтуынша, оның ауруына байланысты прокуратура Құдайбергенді қамау мерзімін екі айға ұзартуды сұраған. Сот қамауда ұстау мерзімін бір айға ұзартып, прокурорға тиісті медициналық бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Еске салайық, Қайрат Құдайберген депутаттық мандатынан айырылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети