Қайрат Лама Шариф жаңа қызметке тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Лама Шариф жаңа қызметке тағайындалды Қайрат Лама Шариф. © mfa.kz

Біріккен Араб Әмірлігінде Қазақстан елшісі болған Қайрат Лама Шариф Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Біріккен Араб Әмірлігінде Қазақстан елшісі болған Қайрат Лама Шариф Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Сыртқы істер министрлігінде жаңа қызметке тағайындалдым. Министр Бейбіт Атамқұловтың үкімімен ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметіне тағайындалдым", - деп жазды Қайрат Лама Шариф Instagram желісіндегі парақшасында. 

Биыл ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Лама Шариф БАӘ-дегі елші қызметінен босатылды. Ол бұл қызметті 2013 жылдың қазан айынан бастап атқарды. Дипломат 2017 жылғы 20 маусымда Қазақстан Президенті Төтенше және өкілетті елшілер үшін шетелдік мекемелерде үздіксіз дипломатиялық жұмыстың бес жылдық мерзімі белгіленген түзетулерге қол қойғанын атап өтті.

26 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Қазақстанның БАӘ-дегі жаңа елшісі болып тағайындалды.

Әр жылдары Қайрат Лама Шариф Сауд Арабиясынд, Кувейт, Оман, Бахрейнде Елші қызметін атқарған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети