Қайрат Лама Шариф Қазақстанның Мысырдағы елшісі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Лама Шариф Қазақстанның Мысырдағы елшісі болып тағайындалды

Қайрат Лама Шариф Қазақстанның Мысырдағы елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Лама Шариф Қазақстанның Мысырдағы елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Мысыр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қайрат Лама Шариф 1962 жылы 1 қаңтарда Павлодар облысы Ертіс ауылында дүниеге келген. Павлодар педагогикалық училищесін және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетін үздік бітірген.

1986-1989 жылдары Йеменде араб тілінің аудармашысы, 1990-1991 жылдары - "Рауан" баспасының шетелдік редакциясының редакторы, 1991-1993 жылдары - ҚазҰУ-дың араб филологиясы кафедрасының оқытушысы.

1993 жылдан бастап Сыртқы істер министрлігінде Консулдық басқарманың үшінші хатшысы, содан кейін Таяу, Орта Шығыс және Африка елдерінің басқармасы болып жұмыс істей бастады. 1993-2002 жылдары Қазақстанның Мысырдағы елшілігінде жұмыс істеді, онда үшінші хатшыдан кеңесшіге дейін қызмет етті. 1996-1998 жылдар аралығында СІМ Орталық аппаратында екінші, бірінші хатшы болып жұмыс істеді.

2006-2011 жылдары-  Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі, Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымындағы тұрақты өкілі,Қазақстанның Кувейт Мемлекетіндегі, Оман Сұлтандығындағы және Бахрейн Корольдігіндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы. 2011-2013 жылдары-дін істері агенттігінің төрағасы. 2013-2019 жылдары - Қазақстанның БАӘ-дегі Елшісі, Қазақстанның жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктегі Тұрақты Өкілі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети