Қайрат Мәми Азиялық конституциялық сот ассоциациясының төрағасы болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қайрат Мәми Азиялық конституциялық сот ассоциациясының төрағасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Конституциялық кеңес баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қайрат Мәми Азиялық конституциялық сот ассоциациясының төрағасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Конституциялық кеңес баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

3 қарашада Азия конституциялық соттары және балама институттар қауымдастығының (ААСС) Мүшелері комитетінің отырысы өтті. Ұйымның құрамына жаңа мүшелер - Үндістанның және Мальдив Республикасының Жоғарғы Соттары қабылданды. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі алдағы екі жылға Азия конституциялық соттары мен балама институттар қауымдастығының төрағасы болып бірауыздан сайланды. Отырыста келесі жылы Нұр-Сұлтан қаласында Қауымдастықтың 4-ші Конгресін өткізу мәселелері де талқыланды.

 Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қайрат Мәми 2019 жылғы 2-5 қараша аралығында Индонезияда өтіп жатқан азия елдерінің конституциялық бақылау органдарының кездесуіне және басқа да іс-шараларға қатысып жатқаны айтылады. 

Бірінші күні Қайрат Мәми Индонезия Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Анвар Усман мырзамен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар конституциялық әділет органдарының функцияларын іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты. Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Конституциялық Кеңесі мен Индонезия Конституциялық Соты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ол Конституция үстемдігін қамтамасыз ету саласындағы екі органның өзара іс-қимылын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

4 қарашада Қазақстан делегациясының басшысы Индонезия Конституциялық Сотының «Конституциялық Сот және әлеуметтік-экономикалық құқықтарды қорғау» тақырыбындағы 3-ші Халықаралық симпозиумының ашылу рәсіміне қатысты. Форум қатысушыларына Индонезияның Вице-Президенті Мааруф Амин мырза құттықтау сөз сөйледі.

Панельдік сессияларда Қазақстан Конституциялық Кеңесінің Төрағасы баяндама жасап, халықаралық заң жұртшылығын Кеңестің азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты шешімдерімен таныстырды.

Қайрат Мәми өз сөзінде атап өткендей, Конституцияның бірінші бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Бұл норма Қазақстан өз азаматтарының лайықты өмір сүруі және жеке тұлғаның еркін дамуы үшін мемлекеттің мүмкіндіктеріне барабар жағдай жасау міндетін өзіне алатын мемлекет ретінде дамуға ниетті екенін білдіреді. Әлеуметтік және экономикалық құқықтарды қамтамасыз ету мемлекеттің тұрақты дамуы және қоғамдық сенім үшін үлкен маңызға ие.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro