07 тамыз 2016 15:04

Қайрат Нұртас Назарбаевтан қолтаңба алғысы келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қостанайда Қала күніне орай атақты қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың жеке концерті қарсаңында баспасөз крнференциясы өтті, - деп хабарлайды Alau.kz ақпарат порталы. Әнші қостанайлықтарға алып келген "сыйын" бөлісіп, қызықты сұрақтарға жауап берді.

Қайрат Нұртастың айтынша, ол Қостанай облысында болғанды ұнатады. "Бұл менің Қостанайға бірінші рет келуім емес. Мен осында қуана-қуана келемін. Қостанай және Рудный қалаларының әкімдеріне осы мерекеге мені сыйлап, мені таңдап шақырғаны үшін алғысымды айтқым келеді. Үміттеріңізді ақтаймын деген сенімдемін. Әрине жаңалықтармен келемін, жаңа әндеріммен келемін. Өзімнің бишілеріммен келемін. Стадионда өзгеше өтеді, жанды дауыста және өзгеше стильдегі жаңа киіммен шығамын", - деді әнші. 

Баспасөз конференциясы кезінде журналистер Қайрат Нұртастан көптеген қазақстандықтар қолтаңба алғысы келетінін айтып, ал әншінің өзі кімнен қолтаңба алғысы келетінін сұраған. "Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан", - деп жауап берді әнші. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети