Қайрат Сатыбалдыұлы колонияда жұмыс таба алмай жүр

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Сатыбалдыұлы колонияда жұмыс таба алмай жүр

Сотталған Қайрат Сатыбалдыұлы жазасын өтеп жатқан колонияда әлі жұмыс тапқан жоқ. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Tengrinews.kz басылымының ресми сауалына берген жауабында айтылған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сотталған Қайрат Сатыбалдыұлы жазасын өтеп жатқан колонияда әлі жұмыс тапқан жоқ. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Tengrinews.kz басылымының ресми сауалына берген жауабында айтылған.

Ведомство мәліметінше, Сатыбалдыұлы Өскемендегі №22 орта қауіпсіздік мекемесінде. Ол бұл жерге биыл қазанда келген. Әкімшілік өкілдері сотталушының мінездемесін әлі жасамаған, себебі ол заңмен белгіленген ең төменгі мерзімді өтемеген.

"Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметін реттейтін құқықтық актілерге сәйкес, сотталушының мінез-құлық дәрежесі мен тұлғалық ерекшеліктері мекемеде тоғыз айдан кейін қалыптасады. Сотталған Қайрат Сатыбалдыұлының тәртіптік жазасы жоқ", - делінген ОКЖ төрағасының бірінші орынбасары Сағат Мәдиевтің қол қойылған ресми жауабында.

Сондай-ақ, Сатыбалдыұлының әлі жұмысқа орналаспағаны, оның денсаулық жағдайы туралы ақпараттың құпия екені айтылды.

"Қазір сотталған Қайрат Сатыбалдыұлы №22 мекеменің кәсіпорындарында бос жұмыс орындарының болмауына байланысты жұмысқа орналасқан жоқ.

Денсаулық сақтау кодексіне сәйкес, медициналық қызметкердің жеке медициналық деректері, медициналық көмекке жүгіну дерегі, адамның денсаулық жағдайы туралы мәліметтер және оны тексеру және емдеу кезінде алынған басқа да мәліметтер медицина қызметкерінің құпиясы", - деп толықтырды министрлік.

Еске салайық, бұған дейін Астана соты Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты үкім шығарғанын хабарлаған едік. Ол алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети