Қайрат Тұрлыханов өмірден озды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Тұрлыханов өмірден озды

Қазақстан ауыр атлетикасы федерациясының құрметті президенті Қайрат Тұрлыханов өмірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан ауыр атлетикасы федерациясының құрметті президенті Қайрат Тұрлыханов өмірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Қазақстан ауыр атлетикасының дамуына мол үлес қосқан маман, дарынды басшы, сүйікті әке, кеңпейілді адам еді. Қайрат Болатұлы Қазақстан ауыр атлетикасы федерациясының президенті, азиялық федерациясының вице-президенті болды. Біздің ауыр атлеттеріміздің әлем аренасындағы жетістіктері, беделді халықаралық жарыстардағы жеңістері оның есімімен байланысты. Қайрекең ірі кәсіпорынды басқарып, өмірінің соңына дейін белсенділік танытты. Ұжымы басшысынан айырылып, ауыр қазаға ұшырады. Қайрат Болатұлының жарқын бейнесі әрқашан есімде!", - деген ол марқұмның туыстарына қайғырып көңіл айтты. 

Қайрат Тұрлыханов 1960 жылы Шығыс Қазақстан облысының Таскескен ауданында дүниеге келген. Еуразия нарық университеті мен "Қайнар" университетін бітірген.

1995-1998 жылдары "Бақты" кеден бекетін басқарды. 2001-2002 жылдары Семей қаласының әкімі қызметін атқарды. 2006 жылы ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының кеңесшісі болды. 2007 жылдан ҚР Көлік және коммуникация министрінің кеңесшісі болып қызмет істеді. 2010 жылдан "Ақпараттық өндірістік орталық" директоры. "Құрмет" ,"Парасат" ордендерімен марапатталған. "2М органында 15 жыл қызмет еткені үшін", "ҚР Конституциясына 10 жыл" медальдары бар. Республикалық ауыр атлетика федерациясының президенті, Азия ауыр атлетика федерациясының вице-президенті қызметтерінде болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети