Президенттікке үміткер болуға ниет білдіруші Уәлихан Қайсаров Орталық сайлау комиссиясы көтерген азаматтық жайлы мәселеге түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президенттікке үміткер болуға ниет білдіруші Уәлихан Қайсаров Орталық сайлау комиссиясы көтерген азаматтық жайлы мәселеге түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мен өзге мемлекеттің азаматымын деп жазуым мүмкін емес, себебі мен туған кезімнен бері Қазақстан азаматымын (...). Өтініште былай жазылған: Сіз қанша жылдан бері Қазақстанның азаматысыз? Мен 49 жыл бойы Қазақстан азаматы екенімді көрсеттім. Үйдің мекен-жайын көрсетуді сұрады, мен пәтеріне дейін жазып бердім (...) Егер мен екі жерде деп, Қазақстан азаматы емеспін деп жазсам, менің оған күмәнім бар (...). Сондықтан өз өтінішімді көрсетуді сұрадым, мұны өз көзіммен көргім келеді", - деді Қайсаров тілшілерге.
Еске сала кетейік, Орталық сайлау комиссиясы Уәлихан Қайсаровтың азаматтығына қатысты күмән келтірген болатын. ОСК мүшесі Ләззат Сүлейменнің айтуынша, өтінішінде Қайсаров "өзге елдің азаматы" екенін жазған. Осыған байланысты комиссия бұл мәліметті тексеру үшін Ішкі істер министрлігіне сауал жолдады.
Қазіргі уақытта Уәлихан Қайсаров Орталық сайлау комиссиясында емтихан тапсырып жатыр, онда ол лингвистикалық комиссияға мемлекеттік тілді жетік білетінін көрсетуі тиіс.
Айта кетейік, Қайсаров 2011 жылы президенттік сайлауға қатысуды жоспарлаған. Ол мемлекеттік тіл емтиханынан өткісі келді, бірақ лингвистикалық комиссия ол қазақ тілін жетік білмейді деген шешім шығарды.