05 ақпан 2022 | 09:35

Қайталама нарықтағы үй бағасының өсу рейтингі: Ақтау бірінші орында, Алматы үштікке кірмеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Krisha.kz сарапшылары бір жыл ішінде тұрғын үй бағасының өсуі бойынша Қазақстан қалаларының рейтингін жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Krisha.kz сарапшылары бір жыл ішінде тұрғын үй бағасының өсуі бойынша Қазақстан қалаларының рейтингін жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тізімінің басына Ақтау шықты, онда қайталама нарықтағы үйлер 41 пайызға қымбаттаған. Бір жыл бұрын 7-8 миллионға сатып алуға болатын пәтер қазір 11 миллионға жетіп отыр. 

Екінші және үшінші орында - Ақтөбе (+35 пайыз) және Қызылорда (+34 пайыз). Бір бөлмелі пәтер бір жылда 2-2,5 миллионға қымбаттады. 

Алматы рейтингте төртінші орын иеленді (+33,7 пайыз). Бір бөлмелі пәтерлер 17 миллионнан 23 миллионға дейін қымбаттады. Екі бөлмелі - 24 миллионнан 32 миллионға дейін. Үш бөлмелі - 31 миллионнан 41 миллионға дейін.

Нұр-Сұлтан рейтингтің ортасынан орын алды. Бір жыл ішінде елордада баға төрттен бірге өсті. Орташа 1 бөлмелі пәтердің құны 13,5 миллион болған, қазір 17 миллионға жуық. 

Екі бөлмелі пәтерлер 20-21 миллионнан 25 миллионға дейін қымбаттады. Үш бөлмелі - 33 миллионнан 36 миллионға дейін.

Петропавл мен Көкшетауда тұрғын үй 15-16 пайызға қымбаттады. Бұл өңірлер бойынша ең төменгі көрсеткіш.

Қаңтардағы баға өзгерісі

Krisha.kz сарапшыларының айтуынша, бағаның өсуі әлі де жалғасады. Соңғы айда елдегі тұрғын үйлер орташа есеппен 3 пайызға қымбаттаған. 

Максималды өсім Ақтауда 7,1 пайыз, Шымкент, Павлодар және Ақтөбеде - 3,6 пайыздан 4,5 пайызға дейін.

Ең төменгі өсім - Көкшетау, Қарағанды және Петропавлда (1,4 пайыздан 1,7 пайызға дейін).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети