Қайтарылған активтерден тағы 1,4 миллиард теңге қайда жұмсалатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайтарылған активтерден тағы 1,4 миллиард теңге қайда жұмсалатыны белгілі болды Фото: Үкіметтің баспасөз қызметінен

Үкімет Ұлытау өңірінде жаңа мектеп салу үшін қайтарылған активтерден 1,4 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет Ұлытау өңірінде жаңа мектеп салу үшін қайтарылған активтерден 1,4 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет Ұлытау облысының Қаражал қаласында 80 орындық мектеп салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,4 миллиард теңгеден астам қаражат бөлді.

"Білім беру нысаны "Вокзал" шағын ауданында салынады. Бүгінде шағын ауданда тұратын балалардың басым бөлігі қаланың басқа аудандарындағы мектептерде білім алуда. Олар екі ауысымда автобуспен тасымалданады. Жаңа білім ошағының құрылысы балаларды заман талабына сай оқытуға қолайлы жағдай жасап, білім алуға қолжеткізуін арттыруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Бүгінде Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандардыі салуға шамамен 56,6 миллиард теңге бөлгені айтылды. Олардың қатарында Атырау облысының Жамансор, Жетісу облысының Рудничный және Көксай ауылындағы мектептер, Түркістан облысының Темірлан ауылындағы музыкалық мектеп, Ақмола облысының Зеренді ауылындағы спорт кешені, Риддердегі көпсалалы аурухана кешені, Шымкенттегі жатақхана және Ақтөбе мен Петропавлдағы 2 балабақша бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети