Қайтыс болған адамның салық берешегін кім төлеуі керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайтыс болған адамның салық берешегін кім төлеуі керек? Сурет: zarulim.com.ua

Қайтыс болған адамның көлік салығы бойынша берешегін мұрагері төлеуі керек пе? Бұл сұраққа Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайтыс болған адамның көлік салығы бойынша берешегін мұрагері төлеуі керек пе? Бұл сұраққа Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство байланыс орталығына жиі қойылатын сұрақтардың бірі жеке тұлғаның көлік құралы үшін салық төлеуге қатысты екенін атап өтті.

"Көлікті өз атымызға қайта рәсімдегіміз келіп еді, бұрынғы иесі қайтыс болған. Бұрынғы иесінің қарыздары бар екен, яғни көлік салығы төленбеген. Көлік салығы бойынша қарызды кім және қалай төлеуі керек?",- деп сұрады салық төлеушілер "Вопрос недели" айдары аясында.

МКК жауабына сәйкес, берешекті мұрагер мұраға қалдырылған мүлік шегінде және оны алған күні мұрадағы үлеске барабар өтеуі тиіс.

"Жеке тұлға қайтыс болған күні немесе қайтыс болды деген соттың тиісті шешімі болса, онда қарыз қайтыс болды деп жарияланған күні қалыптасқан берешек сомасына жүргізіледі. Уақытылы төлемегені үшін өсімпұл жеке тұлға қайтыс болған күнге дейін есептеліп, төленеді", - деп хабарлады комитет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети