Қайтыс болған ақтөбеліктің бүйрегін туыстарының рұқсатынсыз алу бойынша азаматтық іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қайтыс болған ақтөбеліктің бүйрегін туыстарының рұқсатынсыз алу бойынша азаматтық іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сот барысында арыз беруші мен оның адвокаты өздерінің шағымынан толықтай бас тартты, осыған байланысты 2017 жылдың 13 шілдесінде Ақтөбе облыстық сотының шешімімен азаматтық іс тоқтатылды", - делінген Ақтөбе облысты сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Марқұмның туыстары бас хирург Ерлан Сұлтангереевтің үстінен шағымданған. Ал Ақтөбе облысының әкімдігі, облыстың денсаулық сақтау департаменті және Ақтөбенің медициналық орталығының өкілдері ар-намысты қорғау талабымен "Ақтөбе" газетіне мәліметтердің жалғандығы мен моральдық шығын сәйкес келмейтінін туралы ақпарат шығарған.
"Арызда, 2017 жылы маусымда талапкердің туыстары қайтыс болған ағасы Серікболсын Көшербайдың сүйегін Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасынан алуға барғанда, дәрігерлерден марқұмның бүйрегі алынып басқа адамға салынғанын естіген. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау департаментінің бас хирургі Ерлан Сұлтангереев мәйіттің органдарын басқа адамға салуға оның жақын туысқандарының рұқсаты қажет емес екендігін түсіндірген. Алайда, Ақтөбе газетінің 2017 жылдың 7 маусымдағы №66 санындағы баспасөз газетінің бетінде жарияланған "Бас сүйегінен жарақат алып көз жұмған жігіттің бүйрегі екі науқасқа салынды" деген мақаладағы бас хирург Ербол Сұлтангереев: "Қайтыс болған Серікболсын Көшербайдың туысқандары түсіністік танытып, органды басқа адамға салуға ешқандай қарсылық көрсеткен жоқ", - деген мәлімет берілген. Талапкер бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін және қайтыс болған адамның туыстары тарапынан келісім берілмеген деп санайды", - деп түсіндірді сот өкілдері.
Еске салайық, Ақтөбеде дәрігерлер көз жұмған 22 жастағы облыс тұрғынының ішкі органдарын екі пациентке ауыстырған. Марқұмның туыстары мұны моргте ғана білген. Кейін Ақтөбенің Ішкі істер басқармасы осыған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны белгілі болды.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов дәрігерлер адам өмірін сақтап қалуға тырысқанын айтып, оларды жақтады.