25 сәуір 2020 12:54

Қайтыс болған әскери қызметкердің екі баласынан коронавирус анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Маңғыстау облысында коронавирустан қайтыс болған әскери қызметкердің екі баласынан COVID-19 анықталды, - деп хабарлайды Лада.kz.


Маңғыстау облысында коронавирустан қайтыс болған әскери қызметкердің екі баласынан COVID-19 анықталды, - деп хабарлайды Лада.kz.

Санитар дәрігерлердің айтуынша, коронавирус инфекциясы диагностикалық тестілеудің нәтижесінде расталған.

"1990 жылы туған алғашқы науқас, әскери қызметкердің әріптесі кеше қайтыс болды. Ол тұратын 22 ықшам аудандағы үйдің подъезі карантинге жабылды. Екінші және үшінші пациент - 2006 және 2007 жылы туған әскери қызметкердің екі баласы, олар Мұнайлы ауданы Батыр ауылының тұрғындары", - деп хабарлады аймақтың қоғамдық коммуникациялар орталығы өкілі. 

Еске салайық, кеше, 24 сәуірде Маңғыстау облысында коронавирустан алғашқы адам қайтыс болған. 40 жастағы ер адам Мұнайлы ауданы Батыр ауылының тұрғыны. Айта кетейік, ер адам екі рет коронавирусқа тест тапсырған. Біріншісі теріс, екіншісі оң нәтиже көрсеткен. Ол өңірдегі әскери бөлімдердің бірінде қызмет еткен. Төтенше жағдай кезінде Ақтау қаласын өңдейтін дезинфекторлар тобында болған. Ер адам 5 баланың әкесі. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети