26 желтоқсан 2017 | 12:20

Қайтыс болған туысының зейнетақысын алып келген - Прокуратура мәлімдемесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеліктер қайтыс болған туыстарының зейнетақы аударымдарын алып келген. Бұл туралы Ақтөбе облыстық прокуратура аппаратының жетекшісі Жасұлан Дәулембаев Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеліктер қайтыс болған туыстарының зейнетақы аударымдарын алып келген. Бұл туралы Ақтөбе облыстық прокуратура аппаратының жетекшісі Жасұлан Дәулембаев Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы филиалынан жыл сайын осы дерек бойынша шамамен 200 іс келеді екен.

"Хаттарда қайтыс болған зейнеткерлердің есепшотына осымен бірнеше ай бойы ақша аударылып келгені айтылады. Корпорациядағылар бұл туралы мәліметті тек әділет органдарында тіркегеннен кейін біліп жатыр. Ал қайтыс болған адамдардың туыстары аударылып жатқан ақшаларды алып жүре берген", - деп түсіндірді Жасұлан Дәулембаев.

Облыстық прокуратура аппараты жетекшісінің айтуынша, бұл жағдайды екі  мемлекеттік органда тіркелген мәліметтерді тексеру арқылы шешу мүмкін болды.

"Ендігіде ішкі істер органдары мен "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының филиалы қайтыс болған адамдарға негізсіз аударылып жатқан зейнетақы төлемдері жағдайларын жоюға мүмкіндік беру үшін апта сайын тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл дегеніміз іс сотқа дейінгі өндіріске алынбай, қайтыс болған зейнеткерлердің туыстары қылмыстық қудалауға тартылмайды деген сөз", - деп жазды Жасұлан Дәулембаев Facebook желісіндегі парақшасында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети