16 сәуір 2014 | 12:30

"Қайтыс болғаннан кейінгі донорлық" ұғымы заңмен бекітіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тheguardian.com ©Тheguardian.com

Қазақстанда "қайтыс болғаннан кейінгі донорлық" ұғымы заңмен бекітіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбековаға сілтеме жасап. Мәжіліс ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске енгізілген түзетулерді мақұлдады.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда "қайтыс болғаннан кейінгі донорлық" ұғымы заңмен бекітіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбековаға сілтеме жасап. Мәжіліс ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске енгізілген түзетулерді мақұлдады.

"Шешуші ерікті келісімдер тәртібін анықтау жөнінде ҚР Үкіметінің құзыретін белгілейтін норма енгізілді. Сіздер білесіздер, бізде донорлық мәселесі бар. Қазіргі кодекс донорлықты халықаралық тәжірибеде бар ұғымда дамытуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан қайтыс болғаннан кейін ұлпалары мен органдарын трансплантация мақсатына құрбан етуге көзі тірісінде ерікті келісім беру ұғымы енгізіліп отыр", - деді Қайырбекова. Оның түсіндіруінше, енді өмірден өткен адам көзі тірісінде органдарын пайдалануға келісім беріп кеткен болса, онда оның туыстарының рұқсатын алу қажет болмайды.

Министрдің айтуынша, заң жобасында тірі донордан органдар мен ұлпаларды алу тәртібі нақтыланған. Ол үшін донордың жазбаша келісімі нотаруиспен мақұлдануы қажет. Гомепоэтикалық тін жасушаларын алуда ғана нотариалдық куәландыру талап етілмейді. Қайырбекова заң жобасы аясында донорлар регистрін жасау да қарастырылып отырғанын айтты. 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети