Ұлы Отан соғысының 93 жастағы ардагері Сейітқасым Боранқұлов бір ай бұрын буын ауруымен ауруханаға түсіп қалды - жас танкист соғыста үш рет жарақат алған. Ол емделіп жатқанда еріктілер демеуші тауып, Боранқұловтың суық пәтерін сыртынан жылытқыш материалдармен қаптап берді. Tengrinews.kz тілшілері ардагер ауруханадан шыққан күні 25 ақпанда оның үйінде қонақта болды.
Ұлы Отан соғысының 93 жастағы ардагері Сейітқасым Боранқұлов бір ай бұрын буын ауруымен ауруханаға түсіп қалды - жас танкист соғыста үш рет жарақат алған. Ол емделіп жатқанда еріктілер демеуші тауып, Боранқұловтың суық пәтерін сыртынан жылытқыш материалдармен қаптап берді. Tengrinews.kz тілшілері ардагер ауруханадан шыққан күні 25 ақпанда оның үйінде қонақта болды.
"Таңертең аяғым ауырып, орнымнан тұра алмай қалдым. Аяғымның сүйектері соғыс жылдарында уатылған еді, емделдім, бірақ 70 жыл өткенде салдары шығып жатыр", - дейді ардагер. - Емханаға бардым, анализ алып, қаның аз деді. Емделу керек деп жатқызып қойды. Сонымен қоса бронхит болдым, қысқасы ауруханада 20 күндей жаттым. Шынымды айтсам, ана өмірден оралған сияқтымын", - дейді ол.
Полковник ауруханадан шыққанда оған үйінің енді жылы болатыны хабарланды. "ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен соғыс балалары кеңесі" қоғамдық қоры демеуші тауып, Боранқұловтың пәтерін сыртқы жағынан қаптап берді. Қоғамдық қор өкілдерінің айтуынша, Алматы үй құрылысы комбинатының кеңестік онқабатты үйлеріне 30 жылдан асқан. Бетон панельдері сэндвич қағидаты бойынша сериялық негізде шығарылып, олардың арасына ерітінді құйылған. "Уақыт өткен сайын оның ішіндегі ұсақ тастар түсіп, панель қуыс бола береді. Сондықтан пәтерлер қыста суық болады. Ардагердің пәтері пенопласт тәрізді полиуретан тақталармен қапталды. Олар қабырғаға қағылып, үстінен сылақ жүргізілді. Енді жел де, жаңбыр да, суық та өтпейді", - дейді қоғамдық қордың өкілдері.
Ардагердің ауруханадан шығуына орай оның үлкен отбасы кең дастарқан жайды - ет асылып, қонақ шақырылды. Сейітқасым Боранқұлов қонақтар келер алдында екі үлкен жұлдызшасы бар погон мен кеудесіне ондаған орден тағылған костюмін киіп алды. Ардагердің жұбайы Күлшін апайдың айтуынша, жолдасы ауруханада жатып қатты арықтап қалған, сондықтан оған жолдасына бұрынғыдан да жақсы күтім көрсету керек болады. ҰОС ардагерінің қонақ бөлмесінде Боранқұловтың соғыстағы өткен өмірі сайрап тұр, жұмыс үстелінде Кеңес Одағының екі мәрте батыры атанған Талғат Бегелдиновпен түскен, ал терезе алдында Боранқұловтың соғыс жылдарындағы суреті тұр. Сейітқасым Боранқұлов пен оның жұбайы алты бала тәрбиелеген, олардың қазір 30-дан аса немересі мен шөбересі бар.
ҰОС ардагері Сейітқасым Боранқұлов Торғай облысында туған. 1942 жылы мамырда Воронеж майданына түсіп, аяғынан жараланған. Ауруханадан шыққан соң соғыс алаңына қайтіп барып, неміс солдаттарын танкімен қырған. Бірақ Боранқұлов Прохоровка түбіндегі Курск шайқасында екінші рет жараланды. "Барлаушылар бізге фашистердің жоспарын жеткізді: 1943 жылы 5 маусымда таңғы сағат 06.00-де жауларымыз шабуылын тоқтатуы тиіс еді, біз мұны алдын ала біліп, фашистерге 2 мыңнан аса зеңбіректен оқ жаудырдық, олардың ішінде "Катюша" да бар. Екі сағаттан кейін жауларымыз атысты бастады, шайқас 50 күндей болды. Олардың берілетіні соңғы аптада белгілі болған еді. Немістер беріліп, кері шегінді", - деп еске алады ҰОС ардагері. Соғыстан кейін Сейітқасым Боранқұлов партия органдарында жұмыс істеді. Тың жерлерді игеруге үлес қосқаны үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.