KAZ Minerals Aktogay 8 миллиард теңгеден аса салықты төлемеген - Бас прокуратура

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

KAZ Minerals Aktogay 8 миллиард теңгеден аса салықты төлемеген - Бас прокуратура Фото:kazminerals.com

Кен өндіруші компания 8 миллиард теңгеден аса салықты төлемеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кен өндіруші компания 8 миллиард теңгеден аса салықты төлемеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Алматы прокуратурасы талдау барысында, KAZ Minerals Aktogay ЖШС салықты төмендету дерегін анықтады.

"Салық төлеуші жыл сайын KAZ Minerals Aktogay Finance Limited холдингтік компаниясына дивидендтер төлегені белгілі болды. Салық заңнамасының талаптарына сәйкес құн өсімінен түскен табыстар, дивидендтер, сыйақылар, роялти төлем көзінен 15 пайыз мөлшерлемесі бойынша салық салуға жатады.

Алайда салық есептілігін зерттеу, ЖШС жыл сайын 2018-2022 жылдар аралығында талап етілетін 15 пайыздың орнына 10 пайыз мөлшерлемесі бойынша салық ұстап, резидент емеске қатысты сыйақы төлегенін көрсетті", - делінген хабарламада.

Прокуратураның талабы бойынша салық органы ЖШС қызметінде корпоративтік табыс салығын есептеу мен төлеудің дұрыстығына тексеру жүргізген. Дерек расталды, сондықтан 8,2 миллиард теңге көлемінде қосымша салық есептелді. Салық төлеуші көрсетілген соманы мемлекет кірісіне толық көлемде төледі. Мемлекет мүддесі қорғалғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети