27 мамыр 2018 | 16:52

KAZ Minerals мамандары Ілияс Түлекеевтің ұсталуына қатысты мән-жайды айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

KAZ Minerals Bozymchak бас директоры Ілияс Түлекеев KAZ Minerals Bozymchak бас директоры Ілияс Түлекеев

KAZ Minerals компаниялар тобының мамандары еншілес кәсіпорын KAZ Minerals Bozymchak бас директоры Ілияс Түлекеевтің Бішкекте ұсталу оқиғасына қатысты мән-жайды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

KAZ Minerals компаниялар тобының мамандары еншілес кәсіпорын KAZ Minerals Bozymchak бас директоры Ілияс Түлекеевтің Бішкекте ұсталу оқиғасына қатысты мән-жайды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл іске қатысты бізге белгілісі, Түлекеев мырзаға айып тағылды, Түлекеев мырзаға нақты қандай айыптың тағылғаны анықталды. Әңгіме Қырғызстан бюджетіне салық төлеу туралы болып тұр. Нақтырақ айтатын болсақ, өткен жылы Қырғызстан Республикасының салық органдары салық төлеу туралы компанияның тарабына талап қойған. Бұл талапты компания орындамаған. Ол даулы мәселе және компания оған қатысты шағым түсірген. Сонымен қатар, компания бірнеше жылдан бері Қырғызстанның салық органдары тарапынан ҚҚС-ны өндіре алмай келеді, бұл да тексеруді талап ететін нәрсе болып тұр. Әңгіме 50 миллион сом жөнінде (шамамен 250 миллион теңге - Авт.). Бұл ҚР салық органдары қарыз есебінде айып тағып отырған сома", - деді компаниядағылар.

Сонымен қатар, KAZ Minerals компаниялар тобының мамандары Түлекеевтің қандай жағдайда ұсталғаны туралы да айтып берді.

"Біздегі мәліметтер бойынша, ол жұма күні шекараны кесіп өтіп бара жатқан жерінде ұсталған. Түлекеев демалыс күндері Қазақстанға оралмақшы болыпты. Төлқұжаттық бақылау кезінде оны ұстап, қаржы полициясының өкілдеріне тапсырған. Оны уақытша ұстау изоляторына орналастырып, әлі күнге сол жерде отыр", - деді KAZ Minerals мамандары.

Компаниядағылардың айтуынша, KAZ Minerals Bozymchak басшысы ұсталған сәттен бері қорғаушы жұмыс істеп жатыр, Сыртқы істер министрлігінің өкілдері - елші мен консул хабардар. "Қырғызстан президентінің әкімшілігіне, Бас прокуратураға тиісті үндеу жолданды. Бұл мәселе жақын күндері құқықтық алаңда шешілмесе, біз толығырақ түсінікті Қор нарығына және бұл ақпаратты өзге инвесторларға беруге мәжбүр болатынымыз сөзсіз. Қалай болса да біз құқығымыз бен мүддемізді қорғау үшін барлық құқықтық тәсілдерді қолданамыз, әсіресе Түлекеев мырза үшін", - деді компаниялар тобының өкілдері.

Сонымен қатар, KAZ Minerals өкілдері бүгін KAZ Minerals компаниялар тобы басшылығының Бішкекке жол тартатынын хабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін KAZ Minerals Bozymchak бас директоры Ілияс Түлекеевтің Бішкекте ұсталғаны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети