KAZ Minerals Тобы Геология институтына жас ғалымдарды тартуға қалай көмектеседі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

KAZ Minerals Тобы Геология институтына жас ғалымдарды тартуға қалай көмектеседі? Фото: KAZ Minerals Тобы

Өткен жұма Қазақстанның жалпы геология саласы үшін айтулы күн болды: Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты 85-жылдығын атап өтті. Институттың мерекесі жаңару рәсімімен есте қалды: мұнда беделді ғалымдар, жас зерттеушілер мен студенттер саладағы нақты міндеттемелер бойынша тізе қосып жұмыс істей алатын GeoSpark заманауи ғылыми кеңістігі ашылды. Мерейтойлық шараға KAZ Minerals Тобы демеуші болды, ал институттағы коворкинг-кеңістіктің біріне компанияның атауы берілді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өткен жұма Қазақстанның жалпы геология саласы үшін айтулы күн болды: Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты 85-жылдығын атап өтті. Институттың мерекесі жаңару рәсімімен есте қалды: мұнда беделді ғалымдар, жас зерттеушілер мен студенттер саладағы нақты міндеттемелер бойынша тізе қосып жұмыс істей алатын GeoSpark заманауи ғылыми кеңістігі ашылды. Мерейтойлық шараға KAZ Minerals Тобы демеуші болды, ал институттағы коворкинг-кеңістіктің біріне компанияның атауы берілді.

1940 жылы Қаныш Сәтбаев негізін қалаған оқу орны қазір дамудың жаңа кезеңінде. Мерейтойлық шара кезінде институт директоры, академик Асқар Сыздықов 85 жылдық тарихы бар мекеменің – "өткеннің мұражайы" емес, мықты ғалымдар топтасқан заманауи ғылыми орталық екенін атап өтті. Институт алдында маңызды міндеттемелер тұр. Олар: цифрландыру, әлемдік талапқа сай зертханалардың қажеттілігі, және ең бастысы – жас ғалымдарды қатарға тарту. Осы мақсат үшін институтта инвесторлардың көмегімен GeoSpark заманауи ғылыми кеңістігі пайда болды.

"GeoSpark (ауд-"геологиялық ұшқын") – геологиялық ғылымдардың музей-эксплотариумы, зертханалар, көпмақсатты конференц-зал, аудиториялар, жұмыс кеңістіктері, кітапхана мен минералдар шеберханасы біріккен клубтық институция. Бұл білікті ғалымдар тәжірибесімен бөлісіп, ізденушілер шынайы ғылыми-қолданбалы жобаларға атсалыса алатын экожүйе", – дейді институт директоры Асқар Сыздықов.

GeoSpark инвесторлардың, соның ішінде KAZ Minerals Тобының арқасында жүзеге асқан жоба. Институттағы коворкинг-кеңістіктің біріне компанияның аты берілді. Онда ғалымдар, студенттер мен сала өкілдері нақты геологиялық жобаларда бірге жұмыс істейтін болады.

"Біз үшін Қ. И. Сәтбаев атындағы Геологиялық институтты қолдау – ең алдымен жас мамандарды қолдау. Мұнда болашақта геология саласын дамытатын кәсіби орта қалыптасуда. Біз Институттың мерейтойы мен GeoSpark KAZ Minerals коворкинг-орталығының ашылу салтанатына қатысқанымызға қуаныштымыз", – дейді KAZ Minerals Тобының бас геологы Баян Әлжанова.

Институттың жақын болашақтағы жоспарының бірі – Қазақстандағы ең ірі минералдар жиынтығы сақталған геология музейін жөндеу. Мұражай бастапқы қалпын сақтайды, бірақ онда Гарри Поттер әлемінің ертегілік көріністері пайда болмақ. Бұл трансформацияның мақсаты - болашақта араларынан әлемге танымал ғалымдар шығуы мүмкін балақайларды геологияға қызықтыру.

Tengrinews
Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети