Қаза болғандар мен зардап шеккендер тізімінде қазақстандықтар жоқ - СІМ Түркиядағы жағдай туралы

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаза болғандар мен зардап шеккендер тізімінде қазақстандықтар жоқ - СІМ Түркиядағы жағдай туралы

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Түркия Республикасындағы Елшілігіміздің ақпаратына сәйкес, Астана уақытымен сағат 15-00-дегі жағдай бойынша Түркияның оңтүстік-шығысындағы қуатты жер сілкінісінен кейін Қазақстан азаматтарынан өтініш түскен жоқ. Консул Түркияның төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасымен үнемі байланыста отыр. Қазіргі уақытта зардап шеккендер немесе қаза тапқандар тізімінде Қазақстан азаматтары жоқ. Сонымен қатар, қирандылардың өте көп болуына байланысты құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын ескерген жөн", - деді Айбек Смадияров.

Еске салайық, бұған дейін Түркияда жойқын зілзала болғаны хабарланған еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның оңтүстік-шығысында адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісіне байланысты Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети