13 маусым 2016 | 11:55

Қаза тапқан майор Даниэль Майлыбаевтың інісі 5 маусымдағы теракт туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Даниэль Майлыбаев. © Tengrinews.kz Даниэль Майлыбаев. © Tengrinews.kz

2016 жылдың 4 маусымында Ақтөбеде лаңкестер атыс ұйымдастырды. Қылмыскерлер қару-жарақ сататын дүкендерге шабуылдап, адамдарды өлтірді. Осыдан кейін 6655 әскери бөлімінің территориясына шабуылдады. Бірнеше әскери қызметшіні өлтірген олар қару-жарақ тұратын бөлмені басып алмақшы болған. Дегенмен қылмыскерлер жоспарын жүзеге асыра алмады. Ерлікпен қаза тапқан майор Даниэль Майлыбаевтың інісі қайғылы оқиға күні не болғанын Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

2016 жылдың 4 маусымында Ақтөбеде лаңкестер атыс ұйымдастырды. Қылмыскерлер қару-жарақ сататын дүкендерге шабуылдап, адамдарды өлтірді. Осыдан кейін 6655 әскери бөлімінің территориясына шабуылдады. Бірнеше әскери қызметшіні өлтірген олар қару-жарақ тұратын бөлмені басып алмақшы болған. Дегенмен қылмыскерлер жоспарын жүзеге асыра алмады. Ерлікпен қаза тапқан майор Даниэль Майлыбаевтың інісі қайғылы оқиға күні не болғанын Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.

"Мен Оралдан Алматыға Ақтөбе арқылы кетіп бара жатқан едім. Ағама хабарласып, вокзалға келуін өтіндім. Оны көргім келді. Ағам: "Сені күтіп аламын, уайымдама", - деді. Қазақстан мен Ресейдің шекарасында байланыс болмады. Жайсаң станциясының маңында байланыс орнап, телефоныма "Тезірек хабарлас" деген хабарлама келді", - деп еске алды Аян Майлыбаев.


Даниэль Майлыбаев 5 маусымда қаза тапты.

"Кейін ағаммен қызметтес жолдасы хабарласып, Ақтөбеде атыс болғанын, зардап шеккендердің арасында ағамның бар екенін айтты, оның жағдайы ауыр екенін жеткізді. Қаза тапқанын айтпады. Біраздан кейін қолбасшы хабарласып, Ақтөбеден түсіп қалуымды сұрады. Сол кезде ішім бірдеңені сезді. Кейін тәрбие ісі жөніндегі қолбасшының орынбасары хабарласып: "Берік бол, ағаң қаза тапты", - деді. Алғашында сенген жоқпын, қателесіп тұрғанын айттым. Анық солай екенін жеткізді. Осыдан кейін Ақтөбеден түсіп қалдым да, әскери бөлімге қарай бет алдым. Мені осы оқиғаның куәсі болған әскери қызметші күтіп алды", - деп сөзін жалғады ол.

"Куәгерлердің айтуынша, оқиға өте тез болған. Лаңкестер барлығы түскі аста болған кезде шабуылдапты. Автобусқа мінген олар бақылау-өткізу пунктіне басып кірген. Автобус тоқтағаннан кейін сыртқа шығыпты. Шамамен 17-20 адам болған. Өз мақсаттары мен тапсырманы білетін адамдай өте тез әрекет еткен. Жолында кездескендерді ата отырып, әскери бөлімнің ішіне қарай бағыт алған.

Ағам оқиға кезінде территорияны бақылап жүрген, ол ішкі технологиялық қамтамасыз ету бөлімшесінде болыпты. Атыс басталған кезде жоғарыға қарай барады. Басында не болғанын өзі түсінбей қалған. Менің білуімше, бұл штабда телефон жоқ. Көбі демалыста болған. Ағам кезекші бөлімге хабарласады, дегенмен онда ешкім тұтқаны көтермейді. Бұл кезде атыс та жақыннан естіле бастайды. Ол асығыс штабтан шығып, кезекшілерге: "Ғимаратты жауып алыңдар, сыртқа шықпаңдар!", - деген".


Офицердің марапаттары.

Даниэль шабуылдағандарға қарама-қарсы жүгіріп шыққан. Ағамда қару болмапты. Оның тегіс ұңғылы қарудан емес, иір ойықты мылтықтан қаза тапқанына сенімдімін. Оны ағамның денесіндегі жарақат ізіне қарап айтуға болады. Бірінші рет кеудесінен атқан, екіншісі басына тиіпті. Ағам не болғанын түсініп те үлгерген жоқ. Ол басшылыққа хабарласып, оқиға туралы баяндамақшы болған көрінеді, себебі оның қолында ұялы телефоны болыпты.

Ағам қорыққан жоқ, жүгіріп шықты, кейін оралмады. Лаңкестерді қарама-қарсы тұрып қарсы алды. Соққыны өзіне қабылдады. Ол қоластындағылардың бірін жіберіп, қарап кел деп айта алар еді. Дегенмен өзі барды.

Осыдан кейін лаңкестер кездескеннің барлығын өлтіріп, территорияда жүрген. Оларға патрульдік сарбаздар кезігіпті. Олардың бірі жарақат алса да бой тасалап үлгерген, екіншісін сол жерде өлтірді. Қылмыскерлер ары қарай жүре берген. Дегенмен, оларды сол кезде қарауыл күтіп алады. Осылардың көмегімен сарбаздар лаңкестерге тойтарыс бере алды. Біреуін өлтіріп, бірнеше адамды жарақаттаған. Шабуыл жасағандар мұндай қарсылықты күтпеген, осыдан кейін кетіп қалады", - деді қаза тапқан майордың інісі.

Даниэль Майлыбаевтың артында әйелі және төрт баласы қалды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети