29 наурыз 2017 | 12:45

"ҚазАгро" ұлттық холдингі өкілдері ШҚО-дағы миллиондаған қаражаттың жымқырылуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚазАгро" ұлттық холдингі өкілдері ШҚО-дағы миллиондаған қаражаттың жымқырылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАгро" холдингі" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"ҚазАгро" ұлттық холдингі өкілдері ШҚО-дағы миллиондаған қаражаттың жымқырылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАгро" холдингі" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2017 жылғы 27 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатының барысында "ҚазАгро" ұлттық холдингінің еншілес компанияларының бірі - "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ (бұдан әрі - Қор) айқындалған қаржы бұзушылықтары туралы ақпарат айтылды.  Осыған байланысты, "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі компанияның филиалындағы ұрлық фактілерімен байланысты қосымша түсінік беру қажет деп есептейді. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорында проблемалық қарыздар бойынша берешектерін өндіріп алу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі. Бұл проблемалық қарыздармен соттан тыс және сот тәртібіндегі жұмыс жүргізу жөніндегі заңнамамен және ішкі нормативтік құжаттармен реттелетін рәсімдер. Осы іс-шаралар шеңберінде 2015 жылы Қормен оның Шығыс-Қазақстандағы филиалында бірқатар несиелер алдамшылық схемасын пайдаланып, атап айтқанда қарыздарды жалған адамдардың атына рәсімдеу арқылы алынғаны айқындалды", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, іс материалдарының құқық қорғау органдарына жолдағаны хабарланып отыр.

"Айқындалған бұзушылықтар бойынша Қордың Шығыс-Қазақстандағы филиалымен құқық қорғау органдарына 2014-2015 жылдары заңсыз жолмен 31 қарыз алушының негізгі борышы 132,5 млн.теңге сомасындағы несие алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы материалдар жіберілді. Жалпы сомасы 101,8 млн.теңгеге 22 несие бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның 4 факті бойынша 17,1 млн. теңгенің несиесі өтелді.  1 материал азаматтық тәртіпте қарастырылуда, ол бойынша өтеу 0,4 млн. теңгені құрады. 30,7 млн. теңге сомасына 8 несие бойынша материалдар құқық қорғау органдарына қайтадан жіберілді. 2015 жылы Қордың орталық аппаратын тексеру қорытындысы бойынша бұзушылықтарға жол берілгені үшін филиалдың директорымен еңбек шарты бұзылды. 2017 жылғы ақпанда өткен сот үкімімен алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істің бірқатар фигуранттарына қатысты бостандықтан айырумен байланысты түрлі жазалау шаралары қолданылды", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, 2007-2016 жылдар аралығында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Шығыс-Қазақстандағы филиалымен 9,3 млрд. теңге сомасына 5,5 мыңнан астам қарыз берілгені айтылады.

"2017 жылғы қаңтар айының басындағы жағдайда филиалдың несие қоржынында 644 проблемалық қарыз бар, негізгі борышының жалпы сомасы 1,3 млрд. теңге. Аталған қарыздар бойынша қайтару жөніндегі сотқа дейінгі және сот жұмыстары жүргізілуде, несие қоржынын жабатын өтімді кепілдік мүлкі бар. 2016 жылдың ішінде ғана Шығыс-Қазақстандағы филиалда 266,7 млн. теңге сомасына несие қаражаты қайтарылды. "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ- "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ құрамына кіретін компания. Қордың миссиясы–ауылда шағын несиелеудің тиімді жүйесін дамыту арқылы ауылдағы кәсіпкерлікке көмек көрсету. Шағын несиелеу бағдарламалары бойынша (2005 жылдан бастап) компания өзінің филиалдары және шағын несие ұйымдары арқылы 152 млрд.теңгеге 109 мың шағын несие берді.  2016 жылы 33,5 млрд. теңге сомасына 10,7 мың шағын несие берілді. Қордың ауылдағы шағын несиелеу нарығындағы үлесі 94 пайыз болды", - деді ұлттық холдинг өкілдері.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети