08 желтоқсан 2021 11:25

Қазақ болу мақтаныш! - Арман Дәулетияров ұлттық мәдениет туралы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

МУЗ-ТВ арнасының бұрынғы бас директоры Арман Дәулетияров Қазақстанның ұлттық мәдениеті туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


МУЗ-ТВ арнасының бұрынғы бас директоры Арман Дәулетияров Қазақстанның ұлттық мәдениеті туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін, өз ойымша, маңызды тақырыпты қозғасам деймін. Тек білім тақырыбын емес, сонымен қатар ұлттық мәдениет тақырыбы. Әрине, бұл туралы көп айтылып, жазылып жүр. Бірақ ең бастысы - оны қаншалықты түсінетіні және қабылдайтыны. Кез келген ұлттық мәдениет, субмәдениеттің кез келген үлгісі немесе вариациясы белгілі бір құбылыстың, дәуірдің негізгі ұстанымдары ретінде әрекет ететін канондарды жасауға, нормаларды, идеалдарды және құндылықтарды нығайтуға және оларды қоғамның менталитетіне аударуға бағытталған", - деп жазды ол Instagram-парақшасында.

Дәулетияровтың айтуынша, бүгінде Қазақстан мәдениеті - көшпелілер рухымен қаныққан алуан түрлі өнердің, дәстүрдің және тұрмыстың қалыптасқан қабаты. Қазақтар - сөз өнерінің жанкүйерлері.

"Қазақ әдебиеті мен поэзиясы мыңдаған жылдарға созылады – ғасырлар бойы түрлі аңыздар мен ертегілер ауыздан-ауызға тарады, Қазақстанның музыка мәдениеті өз тарихының басым бөлігінде фольклорға негізделді және нота жазу болмаған.

Музыка мұғалімнен шәкіртке, ұрпақтан-ұрпаққа тарап, импровизация да болған. ХХІ ғасырда Қазақстанның мәдениеті әлемдік қауымдастыққа еніп, сонымен қатар дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мұқият сақталып келеді. Бір кездері ұлан-ғайыр қазақ даласын бағындырған ата-баба өмірінің танымы мен философиясы әлі күнге дейін ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді".

Ол "тек өткенмен өмір сүруге болмайды, әрине ол өте маңызды, бірақ қазір не бар екенін айтып, көрсету керек" деп баса айтты.

"Біз Пост шындық дәуірінде өмір сүріп жатырмыз! Егер оқиға туралы айтылмаса, онда ол болмаған. Бізге қазіргі қазақ жазушыларын, суретшілерін, музыканттарын және т.б. айтып, көрсету және қолдау қажет. Біз Еуропа мен Азия қиылысында тұрамыз және оларда бар барлық жақсылықты сіңіріп өстік.

Біз сымбатты халықпыз, бірегей халықпыз! Біз - еуразиялықпыз! Біз де брендтер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз!", - деді Арман Дәулетияров.

Телеарнаның экс-директоры бүгінде жастармен "олар түсінетін заманауи тілде" сөйлесу керек екенін атап өтті.

"Бүгінде танымал интернет-платформалар, Instagram, Тик Ток, т.б. арқылы ата-анаға, үлкендерге, отбасына, өз қаласына, еліне деген құрмет, руханият пен салауатты өмір салты туралы сөйлесу керек. Қазақ отбасының құндылықтарына қатыстының бәрін айту керек.

Енді білім беру жүйесі туралы. Ол бізде XIX ғасырдан бері бар. Қазір көп кітаптарды, дәптерлерді алып жүрудің қажеті жоқ. Қазір біз кез келген ақпаратты бірнеше секунд ішінде таба аламыз. Пандемияның сын-тегеуріндері онлайн-білім берудің де мінсіз еместігін көрсетті, сондықтан мұқият талдау жасап, болашақ үшін ең жақсысын алу керек", - деп түйіндеді Давлетяров.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Arman Davletyarov (@arman_dav)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети