22 маусым 2022 09:15

"Қазақ халқы туралы жаман сөз айтқан жоқпын". Қадыров видеоүндеу жасады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

REUTERS REUTERS

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров қазақстандықтардан кешірім сұрап, telegram-арнасында видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мassaget.kz сайтына сілтеме жасап.


Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров қазақстандықтардан кешірім сұрап, telegram-арнасында видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мassaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол кейбір хайп қуған блогерлер сөзін бұрмалап, ортаға от салғанын айтты.

"Ассалаумағалейкум, құрметті достар мен бауырлар! Менің айтпаған сөзімді айтты деп, айтқан сөзімді бұрмалап жібергендерге қатты ренжідім. Маған Қазақстан, қазақ халқы бөтен емес. Менің қазақилық деңгейім кейбіреулерге қарағанда жоғары. Әкем Қазақстанда дүниеге келген. Атам Қазақстанда жұмыс істеген. Атамның ағасы Қазақстанда жерленген. Мен қазақ халқы туралы жаман сөз айтқан жоқпын. Айтылған сөздерім саясатқа қатысты", - деді Рамзан Қадыров.

Сондай-ақ, осыған дейін қызу талқыға түскен видеодағы әңгіме халық туралы емес, саясат, ҰҚШҰ, мемлекеттің саяси ұстанымы туралы болғанын айтты.

"Мен қазақ халқын жақсы көремін. Біз бауырмыз. 1944 жылы шешендермен соңғы нанын бөлісіп жеген қазақтар туралы жаман сөз айтуға өзіме де, өзгеге де жол бермеймін", - деді Шешенстан басшысы.

Қадыров видео соңында бауырлас болып қалуға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети