27 ақпан 2015 | 19:37

Қазақ хандары мен Ресей патшайымдары алмасқан сирек хаттар жария болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ хандарының Ресей патшайымдарымен алмасқан хаттарының үзіндісі. ©Ренат Ташқынбаев Қазақ хандарының Ресей патшайымдарымен алмасқан хаттарының үзіндісі. ©Ренат Ташқынбаев

Қазақ хандарының Ресей патшайымдарымен алмасқан хаттары жария етілді. Осыған дейін белгісіз болып келген хаттардың көшірмесін Астананың қалалық мұрағаты жарыққа шығарып отыр. Жазбалар Омбы, Орынбор, Қазан қалаларынан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақ хандарының Ресей патшайымдарымен алмасқан хаттары жария етілді. Осыған дейін белгісіз болып келген хаттардың көшірмесін Астананың қалалық мұрағаты жарыққа шығарып отыр. Жазбалар Омбы, Орынбор, Қазан қалаларынан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Суретте Екатерина Алексеевнаның 1777 жылдың 22 желтоқсаннан бергі хаттары көрсетілген. 

"Бұл - патшайымның Орта жүздегі заң туралы бұйрығы. Бұл жерде ол ахуалға көңілі толатынын және Абылай ханды бүкіл қазақ халқының емес, Орта жүздің ханы деп танитынын жазады", - деді Астана мемлекеттік мұрағатының жарияланым және құжаттарды пайдалану бөлімінің жетекшісі Бақытжан Ақтайлақ тілшілерді Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрмемен таныстыру үстінде.  

Мемлекеттік мұрағат өкілдерінің айтуынша, мұнда қазақтың ұлы хандарының ісі жайлы таяудағы шетелдерде табылған сирек кездесетін құжаттар ұсынылған. Атап айтқанда, Әбілқайыр ханның ресей патшайымы Анна Йоановнамен және Абылай ханның Екатерина Великаямен алмасқан хаттары бар. 

"Бұл құжатта Абылай ханның Екатерина патшайымның келісімінсіз өзін хан деп атағаны айтылады. Сол кезде Нұралы хан патшайымның рұқсатымен ғана Кіші жүздің ханы атанған еді. Яғни Абылай хан өзін-өзі хан сайлаған және мұнда патшайымның бұған келіспейтіні әрі Абылай ханға патшайыммен қалай сөйлесу керек екенін айту үшін капитан Матвеевті жібергені жазылған. Бұл Абылай ханның саясат жүргізуде белгілі бір деңгейде тәуелсіз болғанын білдіреді", - дейді қалалық мұрағаттың өкілі.

Бақытжан Ақтайлақ көптеген құжаттың табылғанын айтады, бірақ көрмеге ең қызықтылары мен мәтіні түсінікті жазылғандары қойылды. Көне славян тілінде жазылғандары түсінікті болса, Әбілқайыр ханның араб тілінде жазылған мына бір хатын түсіну әзірше мүмкін емес. 

"Бұл құжаттардың ішінде мен үшін қызық болғаны - Абылай ханның хаты, хатта ол Парсыға, Қытайға жіберетін елшілерінің барар жеріне қандай да бір кедергісіз жететінін, ал Петербургке жіберетін елшілерінің Орынборда тоқтайтыны және бұл кедергілердің оларға Петербургке жеткізбейтінін жазған. Абылай хан былай дейді: "Мен ант қабылдадым ғой, неліктен Ресей Империясымен арада мұндай мәселелер туындап отыр?", - дейді қалалық мұрағаттың өкілі.

Құжаттардың арасында Абылай ханның патша билігіне берген анты бар, онда ол Ресей Империясының билігін мойындайтын жазады, есесіне көмек ретінде өнеркәсіп пен қару-жарақ сұрайды.

"Ал мұнда Абылай ханның өлімі жайлы айтылады. Олардың мәліметінше, Абылай хан Ташкентте қайтыс болды. Тағы бір болжамдарда оған қастандық жасалғаны айтылады, бірақ мұнда әзірше белгісіз екені және бәрін анықтау қажет екені жазылған", - деді мұрағат қызметкері.  

Құжаттардың бір бөлігі e-history.kz порталына жариялау үшін тарихшыларға берілді, бірақ мұрағатта зерттеуді қажет ететін материалдар әлі бар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети