Сіздерді қазақ хандарының артында қалған ұрпақтарының тағдыры туралы ой толғандырып көрді ме? Қазақстанда бар ма, жер ауып кетті ме деген сұрақтар мазалады ма? Егер осындай және өзге де сұрақтар толғандырған болса, Tengrinews.kz тілшісінің Жақсылық Саябитовтен алған ақпаратын оқи отырыңыз.
Сіздерді қазақ хандарының артында қалған ұрпақтарының тағдыры туралы ой толғандырып көрді ме? Қазақстанда бар ма, жер ауып кетті ме деген сұрақтар мазалады ма? Егер осындай және өзге де сұрақтар толғандырған болса, Tengrinews.kz тілшісінің Жақсылық Саябитовтен алған ақпаратын оқи отырыңыз.
Тарихшының мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстанда он мыңдай хан тұқымы тұрады екен. Ал шетелде тұратындар аз, оның өзінде Әлихан Бөкейхановтың ұрпақтары ғана Мәскеуде тұрады.
Әлихан Бөкейханов. © The Qazaq Times
"Жалпы төрелерді бірнеше топқа бөлуге болады. Біріншіден, ең үлкені - қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек ханның ұрпақтары. Жәнібектің өзі Жошының ұлы Тоқа Темірден тарайды", - дейді Жақсылық Саябитов.
Тарихшының сөзінше, Жәнібектің ұлдары көп болған. Ал қазақтың барлық ханы оның Жәдік пен Үсек атты ұлдарына тараған.
"Жәдіктен қазақтың басты хандары: Шығай, Тәуекел, Есім, Абылай мен Кенесары тараған. Үсектен Әбілқайыр хан мен оның ұрпақтары. Кей мәліметтер бойынша, Жәнібектің үшінші ұлының ұрпақтары да бар делінеді, дегенмен, бұл әлі зерттеуді қажет етеді", - деп атап өтті тарихшы.
Сонымен қоса, қазақ төрелерінің ішінде Жошының бесінші ұлы Шайбанның ұрпақтары да бар. Бұл жере тарихшы оның ұрпақтарын екіге бөлді. Сібір ханы Көші мен Хорезм хандарының ұрпақтары.
Кенесары ханның мүсіні
"Бірінші топқа жәдігер-төрелерді жатқызуға болады, олар Қызылорда облысында тұрады. Жәдігер Хиуа хандығындағы шыңғыс тұқымының шыққан соңғы хан. Екіншісі - аралдық Шахтемірден тараған хорезм хандары. XVIII ғасырда бұл ханға қастандық жасалғаннан кейін оның әйелі балаларын алып, қазақ төрелерін паналаған", - дейді ғалым.
Ал қазақ хандарының арасында бірнеше белгілі тұлға бар екен.
"Қазақ хандарының ең белгілі ұрпағы Шотаман Уәлиханов, Шоқан Уәлихановтың немере інісі, ол белгілі мүсінші және сәулетші, Қазақстан Республикасы гербінің авторы. Белгілі ақын әрі жазушы Бақытжан Қанапиянов та солай, қазақ хандарынынң тұяғы", - дейді Жақсылық Саябитов.
Шоқан Уәлиханов © diesel.elcat.kg
Ғалымдар арасында Дүрбітхан Сұрағанды атап өтуге болатынын айтады тарихшы, ол математиканы дамытуға қосқан үлесі үшін The Ferran Sunyer i Balaguer халықаралық жүлдесіне ие болған.
"30 жасында айтулы ғылыми жетістіктерге жетті. Ол шетелде мойындалып, ҚР БҒМ-нан грант ала алмағаны қызық, өйткені ол қажеттті 36 балдың 35-ін жинаған еді", - деп налыды Жақсылық Саябитов.
Тарихшының сөзінше, қазақ ханының ұрпағы екеніңізді анықтаудың бірнеше жолы бар.
"Төре болып, арғы аталарыңыздың кім екенін білмей жатсаңыз, мұрағаттарға сүйенуге және шежірешілерден сұрауға болады", - дейді Жақсылық Саябитов.
Екінші жолы ретінде ДНҚ-тестін таңдауға болады.
"ДНҚ дәл түсіп жатса, сол ханның тұқымынан болуыңыз әбден мүмкін", - деп аяқтады ол.