02 ақпан 2015 | 12:29

Қазақ хандығының 550 жылдығы Тараз бен Астанада тойланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Otyrar.kz ©Otyrar.kz

Қазақ хандығының мерейтойына арналған негізгі шаралар Астана мен Тараз қалаларында өтеді, бұл туралы "Алматы" телеарнасына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің сарапшысы Бағдат Тәженова хабарлады. Айта кетейік, Қазақ хандығының ірлегенгеніне 550 жыл толып отыр.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақ хандығының мерейтойына арналған негізгі шаралар Астана мен Тараз қалаларында өтеді, бұл туралы "Алматы" телеарнасына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің сарапшысы Бағдат Тәженова хабарлады. Айта кетейік, Қазақ хандығының ірлегенгеніне 550 жыл толып отыр.

Мерекелік шаралар елдің барлық өңірінде өтеді. "Қазақфильм" киностудиясының Қазақ хандығының құрылуы жайлы 10 сериялы фильм дайындап жатқаны белгілі. Лента осы жылы-ақ көрерменге жетеді. "Қазақфильм" киностудиясының жаңа президенті Бақыт Қайырбеков бұған дейін фильмде көшпенді тұрмыс-салт өмірі мен хандардың жаңа мемлекеттің құрылуындағы саяси рольдері көрсетілетінін айтқан еді.

Еске сала кетейік, Қазақ хандығының мерейтойына 22 миллиардтан астам қаржы жұмсалады. Қаржының басым бөлігі Таразда өтетін мәдени және спорттық шараларға жұмсалады. Осы мақсаттарға 13,48 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалуы мүмкін.

Ал осыған дейін тарихшылар Қазақ хандығының Таразда емес, қазіргі Алматы облысының аумағында құрылғанын айтқан болатын. Болжам бойынша, Керей мен Жәнібек мемлекеттің негізін дәл осы жерде қалаған. Осыған байланысты ғалымдар мерейтойды Алматыда өткізу жөн болатыны туралы пікір айтты. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети