Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған логотип таңдалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Конкурста жеңген логотип Конкурста жеңген логотип

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған логотип таңдалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, 2015 жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толып отыр.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған логотип таңдалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, 2015 жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толып отыр.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жариялаған конкурста Алмаз Нұразхан жеңіп шықты. "Таңдалған №4 эскиздің негізінде автор Алмаз Нұразханға баннердің эскизін жасау ұсынылады", - деп хабарлады Қазақстан халқының рухани даму қорының өкілдері.

Конкурсқа жалпы 14 логотип қатысты. Оның ішінде блогер Бақытжан Бұқарбаев та бар. Ол конкурстың ұйымдастырылуына көңілі толмайтынын айтты. Оның айтуынша, конкурс жеткілікті деңгейде жариялы түрде өткен жоқ.

"Конкурстың ережесіне сәйкес, үміткерлерге еңбекті жасап шығу үшін тура бір апта берді. Сол бастан-ақ күдік туып, жеңімпаздың анықталып қойған шығар деп ойладым, ал конкурс болса "жалған" және көзбояушылық үшін ұйымдастырылған, десе де мен сынасып көрсем деп ойладым. Конкурсқа ұйымдастырушылар барынша аз адамның қатысқанын қалағандай болып көрінді", - деп жазды ол блогында. Сонымен қатар, Бұқарбаев жеңімпаз Алмаз Нұразханның Қазақстан халқының рухани жаму қорының қызметкері екенін де айтты.

Бақытжан Бұқарбаев пен суретші Дулат Үсенбаевтың логотиптері



Ал қордың өкілдері конкурстың әділ өткенін, логотипті құрамында қордың қызметкерлері мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкідері бар қазылар алқасының мүшелері таңдағанын айтты.  

Еске сала кетейік, Қазақ хандығының 550 жылдығына 23 миллиард теңге жаратылады деп жоспарланған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro