31 қаңтар 2015 15:42

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған марафонға Астананың 550 тұрғыны қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қаласының ресми сайтынан алынған сурет Астана қаласының ресми сайтынан алынған сурет

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған марафонға Астананың 550 тұрғыны қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының сайтына сілтеме жасап.


Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған марафонға Астананың 550 тұрғыны қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының сайтына сілтеме жасап.

"Астана қаласында "Қазақ елі" монументі алаңында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған марафон өтті. Бұл флешмобты ұйымдастырушы - Астана қаласының әкімдігі және әуесқой триатлоннан Қазақстан Федерациясы. Жүгіру қашықтығы да мерекелі санға сәйкес - 550 метр", - делінген баспасөз хабарламасында.

Флешмобты қолдап Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев та шарада болды, сонымен қатар, әуесқой триатлоннан Қазақстан Федерациясының президенті Мұратхан Тоқмәди мен федерацияның вице-президенті Мақсұт Жұмаев, атақты альпинист, еңбек сіңірген спорт шебері, Азия, Африка, Австралия мен Америка шөлдерін жалғыз өзі жүгіріп өткен әлемдегі жалғыз спортшы, сол арқылы Гиннестің рекордтар кітабына 7 рет енген Марат Жыланбаев та келді.

Жүгіру марафонына 550 адам қатысты. Олардың дені жастар, министрлік пен агенттік қызметкерлері, қарапайым жұмысшылар, белгілі блогерлер мен БАҚ өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети